Есірткі, психотроптық заттарды тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қармақшы аудандық сотында 2015 жылдың мамыр айының 18 күні ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен сотталушы Е.С-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс құжаттары бойынша, сотталушы Е.С. 03 сәуір 2015 жылы жергілікті уақыт бойынша 01:00 дер шамасында Қармақшы АІІБ-нің қызметкерлерімен азамат Е.С-тың автокөлігінен дәптер парағына оралған жасыл түсті ерекше иісі  бар зат табылып, айғақты зат ретінде алынған.

Сотталушы Е.С. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 296 бабының 2 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 49550 (қырық тоғыз мың бес жүз елу) теңге айыппұл салынып және мемлекет пайдасына 5533(бес мың бес жүз отыз үш) теңге іс жүргізу шығыны өндірілді .

Қаулы заңды күшіне енген жоқ

Источник: 
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі