Жаңалықтар

Бүгін - Ұлттық киім күні

19/03/2024

Наурызнаманың онкүндігі елімізде ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың салт-дәстүрін айрықша қастерлеп, ұлықталатын кез. Наурыз мейрамының бесінші күні – Ұлттық киім күні.

Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің ажырамас бөлігі. Қазақы киімнің барша сәнділігі оның ою-өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі жатыр.

Сондықтан, дәстүрімізге сай, атадан-балаға мирас болып келе жатқан ұлттық киімдерді ұлықтау мақсатында Ұлттық киімге арналған бұл күннің маңызы зор.

Қалалық сотта дөңгелек үстел өткізілді

19/03/2024

         Қызылорда қалалық сотында «Еңбек өтілін заңдық маңызы бар фактісін анықтау істерін қарау ерекшелігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел өткізілді

15/03/2024

Бүгін Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға Қызылорда облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ж.Оспанова, облыстық соттың судьясы К.Қаниева, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Г.Мырзатаева, әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьялары, кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Қызылорда қалалық сотында психологиялық тренинг өткізілді

15/03/2024

Бүгін Қызылорда қалалық сотында мемлекеттік тілді дамыту аясында сот қызметкерлерімен психология ғылымдарының кандидаты, халықаралық дәрежедегі коуч, ментор Алмагүл Жанділдәқызы Аяғанова тренинг өткізді.

Психолологиялық тренинг барысында қатысушылармен қазақ тілін дамыту, ойды жүйелеу, сөздік қорды кеңейтуге арналған психологиялық методикамен жаттығулар, тапсырмалар орындалды.

Шара соңында сот әкімшісі басшысы Н.Дуйсенова психологиялық тренинг қызықты әрі пайдалы өткенін айтып, А.Аяғановаға өз алғысын білдірді.

22 миллион теңгеден астам қарыз дауы медиация тәртібімен аяқталды

15/03/2024

Сот жүйесіндегі татуластыру рәсімдері дауларды бітімгершілікпен аяқтауға септігін тигізуде.

Сондай азаматтық істерді бірі Қызылорда қалалық сотында қаралды.  Талап қоюшы А. жауапкер Н. -дан 22 035 788 теңге мөлшерінде қарыз ақша және айыппұл соммасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.  

Істі қарау барысында татуластырушы-судья А.Қаршыға  тараптарға татуластыру рәсімдерінің тиімділігін түсіндірген. Нәтижесінде, тараптар өзара келісімге келіп, дауды бітімгершілікпен реттеу туралы келісімге қол қойған.

Әйелін өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген

13/03/2024

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 105-бабы 1-бөлігі (өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша сотталушы Ә.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.

Қылмыстық іс бойынша сотта анықталғаны:

Сотталушы Ә.-нің жұбайы жәбірленуші Ә. өзіне қатыгездікпен қарап, қорқытып, адами қадір-қасиетiн үнемі қорлағанына шыдай алмай, тұрғын үй ауласында орналасқан мал қорада мойнына жіпті байлап, өзін-өзі өлтірген.

Сот қорытындысы немен бекітіледі:

Кәмелетке толмаған жасөспірім бұзақылық әрекеті үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды

13/03/2024

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен сотталушы А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды таратқан

13/03/2024

Азаматша Г.  базар  ішінде орналасқан дүкенде діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды сатып, таратқан.

       Сот отырысында Г. кінәсін толық мойындап,  дүкенде сатушы болып тұрып, діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды өткізгенін мойындайтынын, өзінің отбасылық жағдайын ескеріп,жеңіл жаза қолдануды сұрады.

         Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер

туралы» Заңының 9-бабының 2-тармағында – діни әдебиетті, діни

Масаң күйде мотоцикл басқарған

13/03/2024

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Р. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде 2024 жылдың 5 наурызында Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы, Абай көшесі бойында мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ маркасы «ИЖ» мотоцикл түріндегі көлік құралын басқарған.

Сот отырысында азамат Р. кінәсін мойындап, мотоцикл көлігін ішімдік ішкен күйде басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Масаң күйде мотоцикл басқарған

13/03/2024

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасының  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша азамат Р.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Азамат Р. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде 2024 жылдың 5 наурызында Жалағаш ауданы, Еңбек ауылы, Абай көшесі бойында мемлекеттік тіркеу нөмері жоқ маркасы «ИЖ» мотоцикл түріндегі көлік құралын басқарған.

Сот отырысында азамат Р. кінәсін мойындап, мотоцикл көлігін ішімдік ішкен күйде басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Беттер