Т.Тілеп, Қызылорда қаласының № 2 сотының судьясы «Ел қолдаған ұлы жоба» / / «Сыр дидары» газеті, 2015 жылғы 15 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Аз ғана жылдың ішінде қарқынды дамып, өсіп өркендеп келе жатқан елдің жолы да, жоспары да, бағыт пен бағдары да әлем елдерін таңсантып отырғаны ақиқат. Қандайда бір істі бастамас бұрын үлкен мақсат қойылатынын ескерсек, ұлы бір мемлекеттің жоспарын жасау әрие ұлылық. Сол жоспарлардың бірі «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары.

Бұл жоспар жаһандық және ішкі сын – қатерлерге жауап және және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспар.

«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақсатн мемлекетінің нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады,-делінген.

Расында бұл жоспар өміршең, мәңгілік әрі тек ел үшін жасалған жоба дей аламын. Себебі, жоспардың басында –ақ ел тұтқасын ұстаған мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптарды шегендейді. Айталық мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту деген алғашқы талабында мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымнан басталуы тиіс, десе, екінші қадамында төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс,-делінген. Бұл елдің билікке деген сенімін арттырса, мемлекеттік қызметте жүрген тұлғалардың жауапкершілігін арттырып, елдің дамуына өлшеусіз үлес қосары қақ. «Болар елдің баласы бірін бірі батыр дейді» демекші ұлы жобаны ел болып қолдауымыз керек.