Светлана Жуынтаева, Қызылорда облыстық соты кассациялық сот алқасының судьясы «Шешімнің өзгеруін судьяның кемшілігі деп қарауға болмайды» / / «Заң» газеті, 2015 жылғы 2 қыркүйек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

– Светлана Нағашыбайқызы, бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы сот жүйесіне көшу сотқа шағымданатындар санын азайтып, судьялар қауымының жүктемесін жеңілдетеді деп ойлайсыз ба?

– Үш сатылы сот жүйесіне көшкеннен сот төрелігіне жүгінетіндердің қара- құрасы азая қоймайды.

Дегенмен, істердің созылып, созбалаңға салынуына жол берілмей, оның тиімді әрі сапалы қаралуына мүмкіндік жасалады. Кешегі күнге дейін даула- сушы тараптар қадағалау сатысының шешімін жылдап сарғайып күтіп келді. Ендігі жерде Мемлекет басшысының 100 нақты қадамында айтылғандай істің соңына кассациялық алқа өз нүктесін қоятын болса, тараптар бұрынғыдай әуре-сарсаңға түспейді.

– Осы кезге дейін де сот сатыларында қаралатын істердің санын азайтудың түрлі жолдары қарастырылып келді. Кейбір мамандар бұрын соттарда қаралып, заңды шешімін тапқанына қарамастан сот қоржы- нына қайта түсетін істерге салынатын баж салығының көлемін көбейту мәселесін көтеріп жүр. Бұл пікірге қалай қарайсыз?

 – Өз басым ондай ұсынысты толығымен қолдаймын. Сот саласындағы өз тәжірибемнен байқағаным, бастапқы сатыларда жеңіліс тапқан кейбір тарап- тар уақытты созу үшін заңды негізде шығарылған сот актілеріне қайта шағым түсіріп, ел-жұртты әбігерге салып қояды. Егер ондай тараптарға мемлекеттік баж салығын төлеуді міндеттесек, сот актісінің заңды екендігін біле тұра қа- сақана дау қуатындардың саны азаяр еді.

– Мұнымыз азаматтардың қайта шағымдану құқығын шектеу болып шықпай ма?

– Мемлекеттік баж салығын төлеудің тәртібін заңмен реттеп алсақ, ол азаматтардың конституциялық құқығына нұқсан келтірмейді. Керісінше, сол кезде заң талабына сай шығарылған сот актілеріне түрлі нәрселерді желеу етіп, екінші тараптың құқығын шектеу мақсатында шағым түсіретіндердің әрекетіне түбегейлі тосқауыл қойылады.

– Құпия болмаса айтыңызшы, азаматтық сипаттағы дау-дамайларды қарайтын судьяның тарапынан көбінесе қандай кемшіліктерге жол беріліп жатады?

– Азаматтық істерді қарайтын кейбір судьялар дауды әділ шешуге қатысты маңызды мән-жайларды дәл анықтап, оған нақты бағасын беру кезінде қатеесіп кетеді. Ал, заңды дұрыс қолдана білмеу бүгін шығарылған сот актісінің күні ертең бұзылуына түрткі болады. Егер судьяның шығарған шешімі жоғры сатыларда бұзылып жатса, оның бұл төңіректегі кемшілігін заңда көзделген талаптарды орындай алмағандығынан іздестірген абзал.

 – Сот тәжірибесінде дауласқан тараптардың кейбірі бастапқы сот сатысында ұсынбаған дәлелдерін жоғары сатыларда жаңадан ашылған мән-жай ретінде көрсетіп, дау-дамайды ұзатып жібереді. Мұны кейбіреу- лердің қарсы тарапқа жасайтын қасақана әрекеті деп қабылдамайсыз ба?

– Расында да, заңды күшіне енген сот актілерін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қараудың тәртібі заңда нақты көрсетілген. Ондай дәлелдемелердің қандай жағдайларда жаңадан ашылған мән-жайлардың сана- тына жататындығы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 404-бабында берілген бес тізбеде анық жазылған. Тараптардың мән-жайы сол талапқа сәйкес келсе ғана сот актілерін қайта қараған судья белгілі бір шешім қабылдай алады. Шынында да, заңда көзделген осы талапты кейбір тараптардың өз мүд- делері үшін қолданатынын да жоққашығара алмаймыз. Мұндайда ақиқат пен жалғандықтың аражігін тек судья ғана ашып көрсетуі тиіс. Сондықтан да, заң шығарушы орган сот тәжірибесінде әлгіндей жағдайлар жиі орын алып, заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарау көбейіп кеткендіктен қолданыстағы заңнамаларымызға осындай өзгеріс енгізді. Еліміздің Жоғарғы Соты да судьялар қауымының алдына қандай мәсе- лелердің жаңадан ашылған мән-жайлардың санатына жататындығын ең алдымен саралап алып, содан кейін шешім қабылдау жөнінде үлкен талап- тар қойып отыр. Осы тапсырмаға сәйкес облыс көлеміндегі жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қаралған істердің заңдылығына талдау жасалып, шешім заң талабына сай қабылданды ма деген сауалға ылғи да жауап іздес- тіріледі. Нәтижесінде, негізсіз жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс қарау үзілді-кесілді тыйылды.

 – Азаматтық істер бойынша дауласқан тараптардың өкілдері ретінде сотқа қатысатын адвокаттардың белсенділігіне көңіліңіз тола ма?

 – Әділдігін айтсам, көптеген адвокаттардың қаралатын іс бойынша заң талаптарын қолданудағы білімі мен біліктілігінің деңгейі негізгі талаптан әл- деқайда кем соғып жатады. Тіпті, заңды шешім қабылдауға көмектесудің орны- на, тараптардың арасындағы айтыс-тартысты жасанды түрде өршітіп жіберетінадвокаттар да аз емес. Мойындауымыз керек, дау қуып сот төрелігіне жүгінетін тараптардың құқықтық сауаты төмен. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 65-бабында «Әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлел- деуі тиіс» деп көрсетілген. Былайша айтқанда, қолданыстағы заңнамаларымызда дауласушы тараптарға артықшылық берілмеген. Азаматтық іс жүргізу ко- дексінің 15-бабының 1 бөлігінде «Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың айтысу мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Тараптар бірдей іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және бірдей іс жүргізу міндеттерін көтереді» деп олардың құқықтарының заң алдында тең екендігі көрсетілген. Сондықтан да, істі қараушы сот осы баптың 3 бөлігінің талабына сәйкес «...объективтілікті және әділдікті сақтай отырып, істің мән-жайын толық және объективті зерт- теуге тараптардың құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды, іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, іс жүргізу әрекеттерін жасаудың немесе жасамаудың салдары туралы ескертеді және осы Кодексте көзделген жағдай- ларда олардың өз құқықтарын жүзеге асыруына жәрдемдеседі. Сот іс жүргізу шешімін зерттеуге қатысу тараптардың әрқайсысына бірдей негізде қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді». Сол себептен де істі қараушы судья заң талаптарын қатаң сақтап, тараптардың біріне бұра тартпай, әділ шешім шығаруға міндетті.

 – Өз тәжірибеңізде азаматтық дау-дамайларға қатысты қабылдағанактілеріңіздің бұзылған немесе өзгерген кезі болды ма?

 – Үстіміздегі жылдың 1 маусымына дейін облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер бойынша апелляциялық сатысында іс қарап келдім. Осы мерзім риялық білімінің қалыптасқан дағдыға қаншалықты сәйкес келетіндігі қатаң ескерілсе, заңды орағытып өтуге әрекет жасайтындардың жолы жабылар еді.

– Соттарда қаралатын азаматтық істердің сипатына қарасақ, олардың қомақты бөлігін банкпен арадағы несие жөніндегі дау-дамайлар құрайды екен.

– Анығында да соңғы жылдары банктің несие шарттарына қатысты істер соттарда көп қаралатын болып жүр. Көп жағдайда банктер несие алушының өз араларында түзілген келісімшарттарда көзделген талаптарды орындамай, алған ақшасын қайтармауына байланысты сот төрелігіне жүгінеді. Міндеттеме құжат жүзінде рәсімделіп, қол қойылып заңдастырылғаннан кейін банктердің сыйақысы мен әрбір кідіртілген уақыт үшін өсімпұлын талап ететіндігі заңды. Банк пен несие алушының арасындағы дау-дамай осылайша оталып, сотқа тіреледі. Азаматтық кодекстің 272-бабында құжат жүзінде мәмілелерін бекіткен тараптардың мойындарына алған міндеттемелерін орындауға тиіс екендігі тұжырымдалған. Несие берген банктердің арадағы дау ушығып, сотқа жеткенде ұтып кететіндігі де сондықтан. Несие құжат жүзінде ерікті түрде заңдастырылып, бекітілгеннен кейін оны істі қараушы судья негізді емес деп айта алмайды. Соның салдарынан несие алушылар баспаналарынан, тағы да басқа мүліктерінен айырылып, далада қалып қояды. Кейде ашынған адамдардың өз өзіне қол салу деректері де ұшырасып қалады. Ата Заңымыздың басты қағидасы қоғамымыздың асыл қазынасы адам және оның құқықтары мен бостандықтары болғаннан кейін парасаттылық, әділеттілік қағидасын басшылыққа алып, банктің несие алушының баспанасына қатысты талаптарын қанағаттандырусыз қалдыратын жағдайларымыз да кездесіп тұрады. Бұл банк үшін тиімсіз болғандықтан олар жоғары сот сатыларына арызданып, шағымданып жатады. Қай тұрғыдан қарасаң да ақшасын құжат жүзінде рәсімдеп берген банктің әрекетін бұрыс деп айта алмайсың. Кез келген азамат, соның ішінде той-домалақ өткізу үшін баспанасын кепілге қойып, несие алатындар ертең банктің ақшасын қайтара алмаса, қандай жағдайға тап болатынын алдын ала ақылға салып, ойлап алуы керек. Сон- дықтан да құзырлы органдар қолданыстағы заңнамаларымызға айтыс- тартыс барысында банктің несие алушының басындағы жалғыз баспанасын алып қоймауына кепілдік беретіндей өзгеріс енгізуі қажет деп санаймын. Қалай де- сеңіз де қоғамымыздың баға жетпейтін құнды қазынасы адам емес пе?

 – Одақ тарап, нарық заманының қиын-қыстау кезеңдері табалдырықтан аттаған тұста баспаналарын тастап кеткендер елдегі жағдай түзелісімен Қазақстанға қайта оралып, бір кезде тастап кеткен үйлерін даулап, сотқа жүгінетін болды. Мұндай санаттағы істерді қарау бары- сында қандай шешім қабылдайсыздар?

– Меншік иесімен тасталып кеткен мүліктерді қараудың тәртібі жөнінде Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы бар. Өз басым мұндай істердің соттарда қаралуын дұрыс деп санаймын. Күнделікті тіршілікте азаматтар үй-жай- ларын әртүрлі жағдайларда қараусыз қалдырады, ал, кейбіреулер баспаналарын өзгелердің иелігіне уақытша тастап кетеді. Сотта іс қарау барысында осы екі жағдайдың шындығы ашылады. Егер, шын мәнінде, меншік иесі баспанасын қажет етпей қалдырса, онда жергілікті атқару органдарының оны басқаға беру жөніндегі шешімі дұрыс деп саналады. Ал, қолында заңды құжаты бар, баспанасын өзге адамдардың қарауына уақытша қалдырғандарды үй-жайынан айыру заңға қайшы.

– Судьялардың жүрегінен өткізіп барып қабылдаған сондай шешімдерінің іс жүзінде орындалмай қалатыны – өз алдына бір бөлек әңгіме. Сіз қалай ойлайсыз, мүмкін, атқару өндірісін бақылауды баяғыдағыдай соттардың құзырына қайта берген дұрыс шығар.

– Мұндай пікірді толығымен қолдап, қуаттаймын. Қандай судья болсын, өзі қабылдаған шешімнің заң талабына сай орындалғанын қалайды. Атқару ісі сот- тан бөлініп, сот актілерін орындау әділет органдарының құзырына берілісімен шешімдерді қадағалау әлсіреп кетті. Менің ойымша, сот шешімі мен оны атқару өндірісі бір-бірінен ажырамайтын алып ағзаның құрамдас бөлігі болуға тиіс.

 – Қазыға қандай қасиеттер қажет деп санайсыз?

– Салмақты, жауапкершілігі бар қызметті атқаратын судьяның ең алдымен білімі мен біліктілігі жоғары болуы керек. Судьяның алдына мінез-құлқы әртүрлі адамдар келеді. Қазыда оларды ақыл мен сабырға шақыратындай қаси- ет пен жүрегінің түбінде иманы болуы шарт.

 – Әңгімеңізге рақмет!

Пікірлескен Елеусіз МҰРАТ, «Заң газеті»