Соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес туралы ЕРЕЖЕ

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы
  1. Жалпы ережелер
  2. Соттармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) облыстық және оған теңестірілген сот (бұдан әрі – облыстық сот) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады және өзінің қызметін қоғамдық бастау негізінде жүзеге асырады.
  3. Кеңес қызметінің құқықтық негізі «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының заңымен және осы Ережемен белгіленеді.
  4. Кеңес:

1) судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау;

2) судья лауазымына кандидаттарды іріктеу рәсімдеріне қатысуға азаматтар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту мақсатында құрылады.

  1. Кеңестің қызметі жариялылық, еріктілік, адалдық, өтеусіздік және Кеңес мүшелерінің қабылдап отырған шешімдеріне тең жауаптылығы қағидаттарына негізделеді.  
  2. Кеңес құрамы ерікті негізде отставкадағы судьялардың, заң қоғамдастығының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тең түрде құрылады.

      Кеңес құрамына кәсіподақтардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың, кәсіподақтар мен бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ ардагерлер, белгілі қоғам қайраткерлері енгізуге рұқсат етіледі.

Кеңес жетіден кем емес мүшеден тұрады.

  1. Кеңестің құрамын тиісті бірлестіктердің (ұйымдардың) ұсынулары бойынша облыстық соттың жалпы отырысы екі жыл мерзімге бекітеді (қосымша сайлайды).

Осындай тәртіппен Кеңес құрамын өзгерту жүзеге асырылады. 

Кеңес өзінің құрамын өзгертуге бастама жасауға құқылы.

 2. Кеңес қызметі

 

  1. Кеңес мүшелері Кеңестің төрағасын және соттар әкімшісі қызметкері болып табылатын Кеңестің хатшысын сайлайды. Хатшы Кеңес мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге құқылы емес.
  2. Кеңесті төраға басқарады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын Кеңес мүшелерінің бірі орындайды.
  3. Кеңестің құзыретіне:

1) судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін сипаттайтын объективті және ақиқат мәліметтер жинау;

2) судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру және сапалы судьялар корпусын қалыптастыру туралы ұсыныстар енгізу;

3) судья лауазымына кандидаттарды талқылау кезінде облыстық соттың жалпы отырысының (төралқасының) жұмысына Кеңес өкілінің қатысуы (кеңесші дауыс беру құқығымен);

4) Кеңес қызметі туралы жыл сайынғы ақпаратты дайындау кіреді.

  1. Кеңес:

1) құзыретті органдар мен ұйымдардан судья лауазымына кандидатты сипаттайтын тиісті материалдарды және оның моральдық-адамгершілік келбетін анықтауға мүмкіндік беретін өзге ақпаратты сұратуға;

2) кандидат тағылымдамадан өту туралы өтінішті берген кезден бастап судья лауазымына кандидатқа қатысты арыздарды, шағымарды қарауға құқылы.

 

3. Кеңес отырысы

 

  1. Кеңес жұмысының негізгі нысаны отырыс болып табылады.
  2. Кеңестің судья лауазымына кандидаттарды талқылау жөніндегі отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және оларды төраға шақырады.
  3. Кеңес отырысының күн тәртібі Кеңес мүшелерінің ұсыныстары бойынша отырыс басталғанға дейін үш күннен кешіктірілмей құрылады  және оны Кеңес отырысында бекітеді.
  4. Кеңес мүшелеріне отырыс күні туралы Кеңс хатшысы хабарлайды.
  5. Мәселені баяндамашы (бастама жасаушы) қажетті материалдарды дайындайды, оларды әрі қарай Кеңес мүшелеріне отырыс басталғанға дейін үш күн бұрын беру үшін хатшыға ұсынады.
  6. Кеңес отырысы егер оның жұмысына Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екі бөлігі қатысқан кезде заңды болады.
  7. Кеңес мүшелері күн тәртібіне енгізілген мәселелерді талқылаған кезде тең құқықтарға ие болады.
  8. Кеңес отырысына шақырылған адамдардың қаралып отырған мәселелерді талқылауға қатысуға, ұсынымдар, ұсыныстар мен ескертулер енгізуге құқығы бар.
  9. Кеңес шешімдері қорытындылар нысанында қабылданады.
  10. Отырыстың қорытындылары бойынша Кеңес судья лауазымына үміткердің моральдық қасиеттерін оң немесе теріс бағалау туралы, бағалау себептерін негіздей отырып, дәлелді пікір жасайды.

Кеңес қорытындылары дәлелді болуға тиіс.

  1. Талқыланып отырған мәселе бойынша қорытындыны Кеңес судьялыққа кандидат және өзге де мүдделі адамдар болмағанда қабылдайды және қатысушы адамдарға дереу жариялайды.
  2. Кеңес қорытындыларына оның төрағасы, хатшысы қол қояды және мәлімет үшін не талқылау үшін тиісті облыстық сотқа жіберіледі.
  3. Кеңес қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

 

4. Кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттері

 

  1. Кеңес төрағасы:

1) Кеңес өкілеттіктерін іске асыру мақсатында сұратуларға, өтініштерге және басқа құжаттарға қол қояды;

2) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Кеңес мүшелеріне тапсырмалар береді;

3) бекітілген отырыс күн тәртібіне сәйкес отырыстың жалпы барысына басшылық етеді;

4) бекітілген күн тәртібіне сәйкес сөз сөйлеу үшін сөз береді;

5) түсуіне қарай Кеңес мүшелерінің әрбір ұсынысын дауыс беруге қояды;

6) дауыс беруді өткізеді және оның нәтижелерін жариялайды;

7) Кеңес шешімдерінің орындалуын бақылайды;

8) мемлекеттік органдармен, қоғамдық және өзге бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, азаматтармен өзара іс-қимылда Кеңестің атынан өкілдік етеді.

  1. Кеңестің ағымдағы қызметін ұйымдастыруды Кеңестің хатшысы жүзеге асырады, оның функцияларына: 

1) күн тәртібін қалыптастыру;

2) Кеңес отырысына шақырылған адамдар тізімі туралы хабарландыру;

3) Кеңес құжаттары мен шешімдерін ресімдеу;

4) Кеңес қызметін техникалық сүйемелдеу кіреді.

  1. Кеңес мүшесі:

1) Кеңес қызметінің кез келген мәселесі бойынша өзінің пікірін еркін білдіруге;

2) талқыланып отырған мәселелердің мәні бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;

3) Кеңес қызметінің мәселелері бойынша Кеңес қарауына ұсыныстар енгізуге;

4) Кеңес қызметіне қатысты мәселелер бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері мен шағымдарын Кеңестің қарауына енгізуге;

5) Кеңес шешімдері бойынша ерекше пікірін жазбаша түрде ұсынуға;

6) Кеңес отырыстарына материалдарды, сондай-ақ оның шешімдерінің жобаларын дайындауға, Кеңес шешімдерін іске асыруға қатысуға;

7) Кеңес отырысына шақырылған адамдарға сұрақтар қойып, жүгінуге;

8) Кеңес отырысының хаттамаларымен және материалдарымен танысуға;

9) Кеңестің құрамынан шығуға;

10) Кеңес отырысына қатысуға мүмкіндігі болмаған кезде, қаралып отырған мәселелер бойынша өзінің жазбаша пікірін ұсынуға құқылы.

  1. Кеңес мүшесі:

1) Кеңес мақсаттарға, міндеттерге қол жеткізуге және шешімдерін іске асыруға ықпал етуге;

2) Кеңес отырыстарына қатысуға;

3) тәртіп пен әдеп талаптарын сақтауға міндеті.

Кеңес мүшелерінің өзінің өкілеттіктерін басқа адамға беруге құқығы жоқ.

  1. Егер жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе жекжаты судьялыққа кандидат болса, сондай-ақ егер оның объективтілігі мен бейтараптылығына күдік келтіретін өзге мән-жайлар болса, Кеңес мүшесінің мәселелерді қарау кезінде талқылауға қатысуға құқығы жоқ.   

Кеңес мүшесінің өзінің Кеңестегі қызметін саяси партиялардың, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың, жекелеген азаматтардың, сондай-ақ жеке мүддесінде пайдалануына құқығы жоқ.

  1. Қарсылық білдіру немесе өздігінен бас тарту туралы мәселені Кеңес мүшелері дауыс беру арқылы, өзіне қатысты адам болмаған кезде шешеді.

 

5.       Қорытынды ережелер

 

  1. Кеңестің қызметін ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді Соттар әкімшісінің тиісті бөлімшесі жүзеге асырады.
  2. Кеңес қызметі туралы ақпарат облыстық соттардың интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына және мүдделі ұйымдарға ұсынылады.