М.Байзақова, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы «Ұлт жоспары ұрпақ қауіпсіздігін кепілдендіреді» // «Ақмешіт жастары» газеті, 2015 жылғы 04 қыркүйек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Биылғы жыл мемлекетімізде айрықша жыл болды. Тәуелсіз Еліміздің төл тарихына 2015 жыл Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы ретінде жазылды. Сондай – ақ, Мемлекет басшысы өзінің стратегиялық ой-жоспарларының жалғасы болып табылатын, мемлекеттің мәртебесін еселейтін тың жоспары «100 нақты қадамын» ұсынды.

Жоспардың негізіне бес институционалдық реформа кірді. Олар, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік және бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.

Бүгінгі күні Қазақстанның алдына қойып отырған басты мақсаты — әлемдегі дамыған отыз елдің қатарына қосылу. Аталмыш құжатта атап көрсетілген мемлекеттігімізді нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызу үшін беріктік қорын жасап беруге бағытталған осы «100 нақты қадам» жоспары көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр.

Қай кезде де елдің өркендеп-дамуына Отанға деген сүйіспеншілік, патриотизм негіз болса, алдағы жылдарда елді дамытатын да, сол дамыған дәуірдің жемісін көретін де — жастар. Жастар – қоғамда да аса белсенді буын. Халқымыз «Ақыл жаста, асыл таста»,- деп жастардың бойындағы бұлқынған қуатты күшті саралай білген. Бүгінгі Тәуелсіз елімізде жастардың жасампаздық рухы тіпті тасқындай түсуде. Осы орайда Елбасы айқындағын 100 нақты қадамдағы тапсырмаларды орындауда жастар белсене қатысуда.

Ұлт жоспарында жастарға тәлім-тәрбие беру, білім саласын дамыту, жас мамандарды еңбекке орналастыру, жастардың кұқықтарын кепіл­дендіру жағдайлары жасалынған.

Тағы бір айта кететін жайт, білімді де білікті жас мамандарды мансаптық жоғарылатуды көздеп қана қоймай, мемлекеттік қызметке қосқан үлесі мен сіңірген еңбегіне қарай жалақы төлеу жүйесі де жетілдірілмек. Бұл, өз кезегінде, мемлекеттік қыз­метшінің білімі мен тәжірибесін үнемі жетілдіре отырып, алға қарай ұмтылуына, сонымен бірге, мемлекеттік лауазымдағы қызметінің тиімділігін арттыруына ықпал етері сөзсіз.