Қызылорда облыстық сотының оқу орталығы «Қызылорда облыстық сотының оқу орталығы өңірлік семинар сабағын өткізді» / / «Kyzylorda-news.kz» интернет газеті, 2015 жылғы 11 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Жуырда Арал аудандық сотында Қызылорда облыстық сотының оқу орталығының ұйымдастыруымен өңірлік семинар сабағы өтті, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары-100 қадам» бағдарламасысын талқылау мақсатында өткен семинарға Қызылорда облыстық сотының судьялары С.Н.Жуынтаева, З.Ә.Нұрсейтов, Б.Ө.Қиязов, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандық және Байқоңыр қалалық сотының судьялары, Арал аудандық сотының кеңсе қызметкерлері қатысты.
Семинарда «Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлт жоспары-100 қадам» бағдарламасы» бойынша Қызылорда облыстық сотының судьясы Б.Қиязов таныстырып өтті. Қосымша баяндаманы Қармақшы аудандық сотының судьясы Л.Алибекова толықтырды.

Семинар соңында өрағалық етуші облыстық сот судьясы, оқу бағдарламасының үйлестірушісі Г.Б.Дүйсенбаев семинарға қатысушыларға тақырып аясында айтылған талаптарды, пікір алысулар мен туындаған сұрақтар бойынша берілген жауаптарды назарға алу қажеттігін айтты. Бұдан кейін семинарға қатысушылар өзара пікір алысып, түрлі сұрақтарды талқыға салды.