Қ.М.Бержанов,Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы «100 қадам және сот жүйесі» / / «Ел тілегі газеті» 2015 жылғы 26 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Президент Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған бес институттық реформа-әлем шыңына шығарар стратегиялық жоспар. Әрине, бұған дейінгі Елбасының «Қазақстан-2050» - Стратегиясы,оған қоса «Нұрлы Жол» бағдарламасы еліміздің экономикасын өрге сүйреп, халқымыздың әл ауқатын арттыратын нақты іс шаралар екені белгілі. Ал бұл жолға Елбасының ұсынған бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша белгіленген 100 нақты қадамның маңызыда, мәні де айрықша екендігін әлемдік деңгейдегі сарапшылар атап көрсетуде. Өйткені, осы «100 нақты қадам» жариланған аз уақыт ішінде ол халықтың кең қолдауына ие болып үлгерді. Мұны барша қазақстандықтар ұлы халықтық реформа ретінде елімізді, жоғарыда айтқанымдай, тек әлемдік ұлы шыңдарға шығаратын жол екенін түсініп, ерекше жылы қабылдады.

Ендеше, мұны жақсы білетін халқымыз аталған «100 нақты қадамды» орындау да айрықша міндет екенін түсінуі қажет. Себебі, бұл біздің өзімізді, біздің елімізді, біздің халқымызды биікке шығаратын жол. Демек, мұндай барлық бағыт-бағдары көрсетілген, болашағы безбенделген, нәтижесі айқындалған берекелі істің игілігінен ешкім де бас тартуы тиіс емес. Бұл жолда бәріміз жұмыла жұмыс істеуіміз қажет.  Ол үшін әр қазақстандық өзі атқаратын қызметін талапқа сай, елдің қамын ойлап, Елбасы тапсырмаларын басшылыққа ала отырып жұмыс істей білсе, нұр үстіне нұр демекпіз. Мәселен, аталған «100 нақты қадамда»  сот ісіне байланысты көп нәрсе айтылды. Соларды тұтастай жүзеге асыруға қол ұшын беру, атсалысу біздің  тікелей борышымыз.

Президент Бес халықтық реформада: «Бүгінде сот жүйесінің әлсіз буыны-судьялар корпусы арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жиі-жиі соқтырып жататын судьяларды іріктеу, судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының тиімсіздігі. Судьялар корпорациямен меңіреу тұмшаланбауы тиіс және қоғамдық сыннан тыс болмауы керек. Ашықтық – судьялар қатарындағы жемқорлықтан емдейтін дәрі. Судьяларға қойылатын біліктілік талаптарын қатайту қажет. Судьялар корпусындағы орыннан үміткер кандидаттың нотариуста, полицияда немесе заңгерлік ЖОО-да емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы тиіс. Кандидаттар негізгі жұмысынан босатылған негізде және бір жылдан кем емес мерзімде соттарда өтетін сот тағылымдамасы үшін шарт ретінде қатаң тестілік іріктеуден өтуі тиіс. Кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі керек.Сол сияқты қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу де маңызды, онан табысты өткеннен кейін олардың үздіктері судьялыққа сайланады» деп бірқатар  нақты міндеттерді атады.

Міне, мұның бәрі бүгінгі таңда аудай қажет кені даусыз. Сондықтан «100 нақты қадамда» сот корпусы алдында көптеген нақты қадамдар жүктелді. Бұл бағытта біздер аянбай еңбек етіп келеміз.

Мысалыға, азаматтардың  сотқа  жүгінуді  онайлату  және соттан  ақпарат  алуды  жеділдету бойынша  сот  кабинеті, сот  істері  жөніндегі  анықтамалық  секілді  сот  органдарының  онлайн  қызметі  енгізілді.барлық  сот  процесстері  аудио-бейне  фиксация  қондырғысын  қолдану  арқылы  жүргізіліп,  іске  қатысушы  тараптар  сот процессінің  бейнежазбасын  интернет  жүйесі  арқылы  көруге  және  сот  актілерін  интернет  портал  арқылы  танысуына  барлық  жағдай  жасалған.

Казіргі  таңда  сот  кабинеті  арқылы  әрбір  азамат  сотқа  талап  арызбен  жүгініп,  интернет  портал  арқылы сол  талап  арызы  бойынша сот  процессі  болатынын  қай  күні  болатынын, сол  азаматтық  іс  бойынша сот  актісімен  танысып  отыруға  және сот процессінің  бейнежазбасын  көшіріп  алуға  толық  мүкіншілігі  бар.Бұл  бағытта  жасалып  жатырған  жұмыстар сот  жүйесінің  ашықтығын  және қолжетімдігін  көрсетеді.