Дәуренбеков Айбек Дәуренбекұлы, Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы «Судьялыққа үміткерлерді дұрыс іріктеу- мінсіз судья корпусын қалыптастырудың іргетасы» / / «Ел тілегі» газеті, 2015 жылғы 19 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында ел дамуы үшін бекітілген талай бағдарламалар  мен жоспарлар жарияланып, іске асырылуда.

Жақында Елбасымыздың Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруге арналған бес институционалдық реформасын «Нұр Отан» партиясының XVI съездінде айтылып, осы реформаларды жүзеге асыруға «100 нақты қадам» ұлттық  жоспары құрылып, бүгінгі күнге дейін насихаттталуда. Бұл жоспар елімізді жаңа тұрғыдан дамытады деп күтілуде. Мұнда  кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру  және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға арналған  қадамдар көзделеді.

ҚР Жоғарғы сотында жаңа реформаларды орындау бағытында, кәсіби сот жүйелерін қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Судьяларға қойылатын талаптар да, жоғарлай түспек. Егер судьялыққа өтуге үміткерлер арнайы кәсіби тестілеуден не ҚР Жоғарғы Соты жанындағы  Академияны бітіріп, ҚР Жоғарғы Сот Кеңесінен өту арқылы жүргізілсе, Елбасының бес институционалдық реформасының «Заңның үстемдігін қамтамсыз ету» деп аталатын екінші бағытын іске асыру бойынша  судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптары, бұрынғыға қарағанда қатая түспек. Елбасы бұл туралы «Нұр Отан» партиясының 16 съезінде де «Судьялар корпусындағы орыннан үміткердің нотариуста, полицияда немесе Заңгерлік ЖОО-да емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болу қажет. Кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі тиіс, сол сияқты, қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу және олардан табысты өткеннен кейін үздіктері судьялыққа сайланады»- деп  айтып өткен болатын.

Бұл бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған  «100 нақты қадам»  ұлт жоспарының 17-қадамын көрсетілген:  « Судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту жіне біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төленетін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өту қарастырылған.

Яғни, судьялыққа үміткерлерді кәсіби біліктіліктерін жоғары деңгейде қалыптастыру үшін, ҚР Жоғарғы Соты жанында Академияның беретін білімі тек жоғары деңгейде болу қажет, ол үшін Академияның мамандары жоғарғы кәсіби біліктілікті игерген мамандардан және жоғарғы қатаңдатылған талаптардын тұру қажет. Бұл бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған  «100 нақты қадам»  ұлт жоспарының 18 қадамы бойынша: «Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін  СОТ ТӨРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлінуі керек. Аталмыш институт Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады» деп көрсетілген.

Мемлекеттік қызметтің басқа салаларында емес, тек сот саласында  атқарған 5 жыл стажы болуда маңызды, оның ішінде судьяның хатшысы болып кем дегенде 2 жыл жұмыс атқарған тұлға ғана судьялыққа үміткер бола алады.

Судьялыққа  үміткерлерге қойылатын талаптар мұнымен шектелмейді, судья лауазымына арналған кандидаттарға жоғары критерийлер мен енгізуді көздейді, ал бұл сапалы судьялық корпусын қалыптастырады және «Судьялыққа үміткерлер тағылымдамадан өтуі туралы» ережесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі. Судьялық лауазымына үміткер міндетті түрде сот магистратурасын тамамдағаннан кейін аудандық, облыстық деңгейдегі соттардан тағылымдамадан, жан-жақты логикалық, психологиялық тестілеуден   өту қарастырылған.  

Судьялыққа үміткерлерді дұрыс іріктеу- мінсіз судья корпусын қалыптастырудың іргетасы.