Айбек Дәуренбеков, Судьялар одағы Қызылорда облысы бойынша филиалының төрағасы «Талаптың өзгеруі құптарлық» // «Заң» газеті 2015 жылғы 10 қыркүйек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасы «Нұр Отан» партиясының ХVI съезінде Қазақстан Республикасы дамыған мемлекеттердің отыздығы қатарынан орын алуы үшін қажетті бес институционалдық реформаны таныстырды. Және осы реформаларды жүзеге асыруға «100 нақты қадам» Ұлт жоспары құрылып, көпшілікке таныстырылды. Бұл жоспар елімізді жаңа тұрғыдан дамытады деп күтілуде. Мұнда кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға арналған қадамдар көзделген. ҚР Жоғарғы Сотында жаңа реформаларды орындау бағытында, кәсіби сот жүйелерін қалыптастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Судьяларға қойылатын талаптар да өзгермей тұрмайды. Егер бұрын судьялыққа өтуге үміткерлер арнайы кәсіби тестілеуден, не ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Академияны бітіріп, Жоғарғы Сот кеңесінен өтетін болса, Елбасының бес институционалдық реформасында «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын екінші бағытын іске асыру бойынша судьялыққа үміткерлерге қойылатын талап бұрынғыға қарағанда қатая түсті. Елбасы бұл туралы «Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде де: «Судьялар корпусындағы орыннан үміткердің нотариуста, полицияда немесе заңгерлік ЖОО­да емес, сот жүйесінде бес жылдан кем емес жұмыс өтілі болу қажет. Кез келген жоғары тұрған судья төменгі соттарда жұмыс істеп көруі тиіс, сол сияқты, қызметін жаңа бастаған судьялар үшін ұзақтығы бір жылдан кем емес сынақ мерзімін енгізу және олардан табысты өткеннен кейін үздіктері судьялыққа сайланады», – деп айтып өткен болатын. Бұл бес институционалдық рефор­ маны жүзеге асыруға арналған «100 н а қ т ы қ а д а м » Ұ л т ж о с п а р ы н ы ң 17­қадамында жалғасын тауып, «Судьялауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту. Міндетті түрдегі талап – сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін текс еру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер соттарда стипендия төлене­ тін бір жылдық тағылымдамадан өтеді. Одан кейін судья бір жылдық сынақ мерзімінен өтеді» деп көрсетілген. Яғни, судьялыққа үміткерлердің кәсіби біліктіліктерін жоғары деңгейде қалып­ тастыру үшін, ҚР Жоғарғы Соты жанында Академияның беретін білімі тек жоғары деңгейде болуы қажет. Судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптар мұнымен шектелмейді. Судьялық лауазымға үміткерлерді міндетті түрде сот магистратурасын тәмамдағаннан кейін аудандық, облыстық деңгейдегі соттарда тағылымдамадан, жан­жақты логикалық, психологиялық тестілеуден өткізу қарас­ тырылған. Судьялыққа үміткерлерді дұрыс іріктеу – мінсіз судья корпусын қалыптастырудың іргетасы.