Артур Наримов, Қызылорда облыстық сотының судьясы «Сот жүйесінің дамуына жол ашылды» // «Заң» газеті, 2015 жылғы 19 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Елбасы Н.Назарбаев жақында Қазақстан хал­қына бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» деп аталатын даму жоспарын ұсынды.

Еліміздің дамыған 30 мем­ лекетпен теңестіруге бағыт­ талған «100 нақты қадам» жоспары «Қазақстан – 2050 Стратегиясын» жүзеге асыру мен мемлекеттігімізді нығайтуға, сондай­-ақ, күрделі кезеңнен нық өтуге жағдай туғызбақ. Жоспар негізіне кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру секілді 5 институционалдық реформа кіреді. Реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның бір бағыты сот қызметінің беделін көте­ руге, халықтың олардың қыз­ метіне деген сенімін арттыруға бағытталған. Стратегиялық жоспарда «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету» деп аталатын бөлім бар, соның 16 ­қадамында «Азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру. Бес сатылы сот жүйесінен (бірінші, апелляция­ лық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) үш сатылы (бірінші, апел- ляциялық, кассациялық) сот төрелігіне көшу» ұсынылған. Бұл қадамда сот жүйесінің жаңартылып отыратындығы, халыққа да, сотқа да тиімді жағдай жасап, сонымен қатар, сот төрелігі қарапайым халық үшін мейлінше қолжетімді болуына басты назар аударыл­ған. Ал, 17 ­қадамда судьялық­қа кандидаттарға қойылатын талаптар туралы баяндалған. Яғни, мемлекет атынан шешім қабылдайтын судья лауазы- мына кез келген адам ие бола алмайды, судьялық қызмет жоғары біліктілікті қатаң талап етеді. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» стратегиялық бағдарламасы сот жүйесіндегі олқылықтар- дың орнын толтырып, жүйенің одан әрі дамуына жол ашады деп сенемін. Елбасының сот саласына қатысты жүргізіп отырған реформалары жоғары деңгейде дамыған құқықтық жүйесі бар нағыз конституционалды мемлекет құруға септігін тигізеді. Бағдарламаның 2­бөліміндегі 16­26 қадамдар соның айғағы. Заңның үстемдігі – нығайған мемлекеттің кепілі. Сондықтан, жаңа бағдарламаның құқықтық мемлекетті құрудағы маңызы зор.