А.Абдулла Сырдария аудандық сотының төрағасы «Оңтайландырудың нақты шаралары» / / «Тіршілік тынысы» газеті, 2015 жылғы 5 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«Сот рәсімдерін оңайлату және сот процестерін жеңілдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту туралы»

Жалпы сот өндірісіне түскен талап арызда мемлекеттің мүддесіне қатысты болып жатса прокурор қатысу қажет.

Заңды немесе жеке тұлғалар өзара дауласса, прокурордың ол жерге қатысуы заңсыз болып саналады. Себебі бұндай жағдайда яғни, мемлекеттің мүддесі қаралмаған жерде прокурор нақты кімнің мүддесін қорғайды.

Даудың басында екі тұлға тұрса, ортасында сот тұр. Мысалы егер прокурор таразының бір жағына шығатын болса, сол жақ жеңіп кету мүмкін. Нігізі осы уақытқа дейін барлық сот процестеріне прокурор қатысып келді. Жалпы бұл мәселе бұрыннан көтеріп келеді, екі дауласушы тұлғаның арасына прокурордың кірісуі заңсыз.

Заңды сот шешімі шыққаннан кейін прокурор кірісуге болады. Сот шешімінің заңды немесе заңсыздығын қарай алады. Ал, сот отырысы барысында мемлекеттік айыптаушының қатысуы қажетті емес. Осының аражігін ашатын кез жетті. Біріншіден, мемлекет мүддесі  қаралған жағдайда ғана прокурор қатысуы керек. Тұлғалардың арасына прокурорды  кірістіруге болмайды. Себебі, мұндай жағдайда конституциялық тепе-теңдік бұзылады. Прокурор сот мәжілісінің отырысына қатыспаса да, шешімді алып, оның заңды, заңсыздығын тексеруіне болады. Сот рәсімдерін оңтайландырудың бұл нақты шаралары деп есептеймін.

«100 нақты қадамда» заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесін жетілдіру оған азаматтарддың қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында осындай жақсы бастама көрсетілген. Бұл бәріміздің көңілімізден шықты. Себебі, азаматтық дауларға прокурордың қатыспауы дүние-жүзінің тәжірибесінде бар. Дауды соттың қарауымен прокурорды араластырмай шешу азаматтардың өздері үшін пайдалы болмақ. Бұл жаңалық, ең алдымен, сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл болады. Дамыған елдердің тәжірибесінде өзінің тиімділігін көрсетіп отырған оңды үрдістерді бізде алуымыз қажет.