1496

№ вопроса: 
1496
Фамилия: 
БЕКЕНБАЕВА
Имя: 
МЕРУЕРТ
Отчество: 
БАТЫРБЕКОВНА
Регион: 
Кызылординская область
Текст обращения: 
Салеметсіз бе?! Сізден сұрайын дегенім: Жауапкер Арқабаев Дархан Алдонгарович қазіргі кезде Ақтөбе қаласындағы КА-168/2 ММ мекемесінде жазасын өтеуде. Қызылорда қалалық сотының 1) 27 қараша 2015 жылғы №2-10078/15 санды шешімі бойынша менің яғни, Бекенбаева Меруерт Батырбековнаның пайдасына жауапкер Арқабаев Дархан Алдонгаровичтен моральдық зиян 200 000 теңге және өкілдерінің көмегіне жұмсалған 160 000 теңге, мемлекеттік баж 991 тенге, барлығы 360 991 теңге өндіру жөніндегі шешім 21 қаңтар 2016 жылғы №2а-15/2016 санды қаулысымен заңды күшіне енген. 2) 13 сәуір 2016 жылы №4399-16-00-2а/266 санды заңды күшіне енген қаулыда жауапкер Арқабаев Дархан Алдонгаровичтен талап қоюшы Бекенбаева Меруерттің пайдасына өкілдің көмегіне жұмсалған 100 000 теңге сот шығысы өндірілсін деген шешім шыққан болатын. Яғни Арқабаев Дархан Алдонгаровичтен менің пайдама барлығы 460 991 теңге өндірілу қажет Осы аталған құжаттар бойынша №2-10078/15 және №2-13055/2015 санды атқару парақтарын Ақтөбе облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Ж.Б.Умарова ханымға тапсырыс хат арқылы жіберген болатынмын. Қазіргі таңда құжаттарым жеке сот орындаушы Садирова Раулия ханымда. Күні бүгінге дейін Арқабаев Дархан Алдонгаровичтен ақша өндірте алмай отырмын. КА-168/2 ММ мекемесінің есепшілеріне хабарлассам, Арқабаев Дархан Алдонгарович жұмысқа орналаспады деп жауап беруде. Анасының айтуы бойынша қолында жеке куәлігі болмағандықтан жұмысқа заңды тіркеле алмай, сол аталған мекеменің асханасында көмекші болып жұмыс жасап, екінші бір адамның құжатымен 10 мын теңге айлыққа жұмыс жасап жатыр дейді. Ал жоғалған жеке құжаты болса қазіргі кезде табылып, Арқабаев Дархан Алдонгаровичтің анасының қолында. Сізден сұрарым, осы мәселені қалай шеше аламын? Жазасын өтеп жатқан жерден қалай ақшаны өндірте аламын?
Дата ответа: 
29.07.2016 17:38:33
Ответ: 
Сіздің 27.07.2016 жылғы Қызылорда облыстық соты төрағасының блогы арқылы қойған сұрағыңыз бойынша; Қызылорда қалалық сотының 2015 жылғы 27 қарашадағы шешімімен жауапкер Аркабаев Дархан Алдонгаровичтен Сіздің пайданызға моральдық зиян 200 000 тенге және өкілдің көмегіне жұмсалған 160 000 теңге мемлекеттік баж 991 теңге, барлығы 360991 тенге өндірілген. Қызылорда облыстық сотының апелляциялық сот алқасының 2016 жылғы 21 қаңтардағы қаулысымен шешімнің бұл бөлігі күшінде қалдырылған. Осыған орай сот шешімі заңды күшіне енуіне байланысты атқару құжаты жазылып, жеке сот орындаушыларының өндірісіне берілген. Қазіргі таңда жауапкер Аркабаев Дархан Алдонгарович Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2015 жылғы 22 шілдедегі үкімімен ҚР ҚК-нің 124 бабының 1 бөлігімен 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, Ақтөбе қаласы КА-168/2 ММ мекемесінде жазасын өтеп жатыр. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі №261-IV Заңының 2-бабына сәйкес «Атқарушылық iс жүргiзудің мiндеттерi осы Заңға сәйкес азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдардың, нұсқамалар мен қаулылардың, мүлiктiк өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдер мен қаулылардың, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде берілетін атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды мiндеттi түрде және уақтылы қолдану болып табылады ». Сондықтан аталған Заң талаптарына сай сот шешімі негізінде берілген атқару құжаттары бойынша мәжбүрлеп орындату сот орындаушыларының құзырында болуына байланысты, сот шешімін орындаумен байланысты барлық мәселе бойынша Ақтөбе облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына жүгіну құқыңыз бар екендігін түсіндіремін.
Статус автора обращения: 
гражданин (физическое лицо)
Категория вопроса : 
гражданское судопроизводство