Публикации в СМИ

Русский

Татуластыру рәсімдері – ел бірлігін нығайтудың негізі, "Айқын" газеті, 29.03.2024

Еліміздің сот жүйесінің негізгі қағидаттары Конституцияға сәйкес жүзеге асырылады. Ата Заңымыздың негізінде Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.

Тәуелсіздік жылдарында еліміздің сот жүйесінде түбегейлі реформалар жүргізіліп, сол арқылы жалпыұлттық құқықтық жүйе қалыптасып, сот әділдігін өміршең етуде соттардың кәсіби деңгейін көтеру мәселелеріне басымдық берілді. Соның нәтижесінде, елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын, заңның үстемдігін қамтамасыз ететін Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесі қалыптасты.

Сот әкімшілігі: ашықтық айнасы, "Егемен Қазақстан" газеті, 29.03.2024

Тәуелсіз Қазақстанның сот жүйесінің тарихи негізі қазақтың әділ билерінің төрелік айту дәстүрінен бастау алады. Билер дәстүрі бүгінде сот жүйесінде татуластыру рәсімдерімен жалғасты десек болады. Қазіргі таңда сотқа дауласып келген азаматтарға татуластыру рәсімдерінің тиімділігі, дауды өзара ынтымақпен шешу, бітімгершілікке келу жөнінде түсіндіріледі.

Уақыт алға озған сайын заманның сұранысы мен талаптары өзгеретіні анық.  Заманның ағымына сай, еліміздің сот жүйесіне жаңашылдықтар енгізу қажеттілігі туындады.

"Отбасылық даулардағы балалардың құқығын қорғау". Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Қ.Бержанов. "Заңгер" журналы. №9, 2023

Отбасы әрбір мемлекеттің тірегі, әрбір мемлекет отбасыдан құралады. Отбасы ең бірінші кезекте кәмелетке толмаған балаларының дұрыс дамуы үшін өте маңызды институт. Отбасының кәмелетке толмаған балаларды  тәрбиелеудегі орны мен маңызы бөлек. Әкесі мен анасының махаббатына күнделікті бөленіп өсуі баланың дұрыс дамуына, қоғамға бейімделуіне, адами, ұлттық және діни құндылықтарды бойына сіңіруіне толық мүмкіндік туғызады.

«Әкімшілік әділет. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі»

Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі  2021 жылғы 1 шілдеден бастап   күшіне енді. Кодекске  азаматтардың мүддесін қорғауға, оның ішінде мемлекеттік органдардың негізсіз уәжден қорғауға арналған  қағидаттар   енгілгенін  атап өткен жөн.  Кодекс   әртүрлі алаңдарда ұзақ және жан-жақты талқылаудан өтіп, заңгерлер қоғамдастығы үшін, жалпы құқықтық мемлекеттігіміздің одан әрі дамуы үшін маңызды болып табылды.

"Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы". Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы А.Сабыров. "Заңгер" журналы. №4, 2023

Қылмыс – дегеніміз қылмыстық заңдармен тыйым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік, әлеуметтік дерт десек. Ал, жасөспірімдердің қылмыстығылы – аса үлкен дерт. Десекте кейбір ата аналар балам «кәмілет жасына» толмаған  деп арқаны кеңге салып, жауаптылықтан қашады. Қылмыстық жауапкершілік – кез-келген адамның істеген қылмысына жаза түріндегі, заң алдында міндетті жауап беруі. Ал, кəмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі оларға қолданылатын қылмыстық заңдардың ерекшеліктерімен ерекшеленеді.

"ӘРПК талаптарына сәйкес сот орындаушылардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айту бойынша". Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Сарсенбаев. "Заңгер" журналы. №3, 2023

2021 жылдың 1 шілдесінен бастап республика тарихында алғаш рет Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі қабылданып, жаңа мамандандырылған әкімшілік соттар қызметін бастады.

Айта кету керек, кодекс аясында азаматтар сотқа 4 түрлі талап қоюмен жүгіне алады. Атап айтқанда, мәжбүрлеу, дау айту, құқықты тану және әрекет жасау туралы.

Бүгінгі күнге дейін сотқа түскен талап қоюлардың басым көпшілігі сот орындаушылардың әрекетіне дау айтуды құрайды.

"Еңбек дауларын медиация арқылы шешу тәжірибиесі". Қызылорда қалалық сотының судьясы Э.Ахметова. "Заңгер" журналы. №4, 2023

Еңбек адамның өз қажеттерін қанағаттандыру үшін мақсатқа сай істелетін қызметі, қоғамның өмір сүруінің негізгі, адамзат тіршілігінің мәңгілік, табиғи шарты. Еңбек  адамдардың өмірі үшін материалдық, рухани және басқа да құндылықтар жасауға бағытталған адами қызметі.

"Сапалы сот актісі – заман талабы". Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы И.Тұңғышбаев. "Заңгер" журналы. №1, 2023

«Судьяның міндеті заңды қолдану ғана емес, оны түсіндіру», – деген екен ағылшын ғұламасы Фрэнсис Бэкон. Дәл осы сөздің дәлдігін, азаматтар үшін маңыздылығын ісіңіз сот құзырына түсіп, қолыңызға сот актісі тигенде шынайы ұғына түсесіз. Өйткені төрелік әділ болып, заң үстемдігі орнаса сот беделі өседі, ал сауатты, сапалы жазылған сот актісі судья біліктілігінің, кәсіби шеберлігінің көрсеткіші ретінде бағаланады.Демек, сот корпусына мықты мамандарды іріктеу қаншалықты маңызды болса, сот актісіне қатысты талаптың өсуі де соншалықты қажет.Бұл екеуі бір-бірімен өзектес мәселе.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл". Қармақшы аудандық сотының төрағасы Қ.Мыханов. "Заңгер" журналы. №9, 2022

Ежелгі заманнан бері билік пен жемқорлық бір-бірінен ажыраған емес. Тарихта мемлекет эволюциясымен қатар сыбайлас жемқорлық қатар дамыды. Мемлекеттілік қалыптаса бастаған кезде діни қызметкерге, басшыға немесе әскери қолбасшыға олардың көмегіне жеке өтініш жасағаны үшін төлеу жалпыға бірдей норма ретінде қарастырылса, кейінірек мемлекеттік аппараттың күрделенуімен кәсіби шенеуніктер ресми түрде пара алатын болды. Бұл ең ежелгі деректердің бірі.

"Сот жүйесі: Кеше.Бүгін.Ертең". Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев. "Заңгер" журналы. №9, 2022

Демократиялық, зайырлы және құқықты мемлекеттердің бәрінде адам құқықтары мен бостандықтары талқыға түскен шақта тағдырының шешілер жері де, жаза атаулының кесілер жері де сот. Соттың әрбір шешімінің артында адам тағдыры тұр. Ғапыл дүниеде адам мен оның өмірінен қымбат құндылық жоқ. Біздің Ата заңымызда да дәл осылай жазылған. Сондықтан сот төрелігін жүргізетін судьялардың, бабалар тілімен айтсақ, бүгінгі билерінің мәртебесі арнайы заңмен айқындалды.

Страницы