Публикации в СМИ

Русский

«Жаңа жобалардың нәтижесі жоғары», Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев, «Заңгер» журналы, №1, 2019

«Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам» деп Елбасы айтқандай, азаматтық қоғамның дамуына сот жүйесінің тигізер әсері де, мәні де жоғары.

Қоғамның бақуаттылығы, тұрақтылығы  қашанда әділбилік  ұғымымен ұштасып жатады.   Оған  дана халқымыздың «Елге бай құт емес, би құт», «Турашыл би елін оздырады, тумашыл би елін аздырады»  деген нақыл сөздері куә.

Соттың беделі – мемлекеттің мәртебесі екені белгілі.

«Арнайы құқықтан айыруға тек сот құзыретті», Қызылорда облыстық сотының судьясы Шолпан Маликова, «Заң газеті», 04.01.2019

Кейбір әкімшілік құқықбұзушылық туралы істер бойынша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабымен және басқа да көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы қолданылған қаулылардың қарар бөліктерінің өзгеше жазылатыны байқалады.

Сот қаулысында жүргізушінің белгілі бір мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айрылғанын көрсете тұра, соттар қаулының қарар бөлігінде қай күннен бастап «мерзімнің есептелетіні» туралы қосымша жазуға дағдыланғаны көрінеді.

Страницы