Публикации в СМИ

Русский

"Жер адамзатқа ортақ қазына" Қызылорда қалалық сотының судьясы С.Жаппасбаев. "Заңгер" журналы, №2, 2022

Сотқа арыз берушілердің көздейтін мүдделері біреу, ол – өзі дұрыс деп санайтын істің анық-қанығына жету. Алайда, оның арызы ақиқатқа сәйкес пе әлде жеке бас араздықтан туындаған мәселе ме немесе оның заңдағы орны қандай? Сот осының оң шешімін айтуы тиіс. Мұндай жағдайда, әрине, сот әділ заңға және ар-ұятқа сүйенеді. Заңда көзделгендей, жер құқығы қатынастарынан туындайтын даулар сот тәртiбiмен қаралады.

"Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар" Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Т.Темірбаев. "Заңгер" журналы, №1, 2022

Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар айырбастауға және тұтынуға байланысты туындайтын, материалдық және басқа да құндылықтарды, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін, қоғамға қауіпті іс-әрекет. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 8-тарауында экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық

"Азаматтық iстер бойынша сараптама жүргізудің өзекті мәселері" Қызылорда қалалық сотының судьясы А.Абдулла. "Заңгер" журналы, №10, 2021 жыл

Құрметті оқырман өздеріңізге белгілі сот тәжірбиесінде көптеген азаматтық істер бойынша қазіргі таңда іс бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін соттар түрлі сараптамалар тағайындау арқылы істің фактілік мән-жәйларына қатысты тараптардың уәждерін тексеріп, жүргізілген сараптама қорытындыларының негізінде шешім қабылдауда.

«Бірегей», Қызылорда қалалық сотының судьясы Ә.Қаршыға, «Заң газеті», 20.08.2021

Еліміздің бас құжаты Конституция – тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді.

Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата Заң – мемлекет пен қоғамда орыналып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың дамудың қайнар бастауына айналды.

«Тараптарға татуласқан тиімді», Жалағаш аудандық сотының төрағасы А.Мизанбаев, «Заң газеті», 13.08.2021

Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңадан енгізілген «Төрелік», «Сот кабинеті» сынды бағдарламалар үлкен сұранысқа ие. Жаңа технология әкелген жетістіктер процеске қатысушылардың іс-материалдарымен танысуына, кез келген сот сатысында істі қараудың уақыты мен орны туралы  дер кезінде хабар алуына мүмкіндік туғызды. Яғни, қазір істің сотқа түскені, қарауға тағайындалғаны, қаралған күні, басқа да іске қатысты мәліметтер тараптарға СМС хабарламалар арқылы жолданады.

"Балаларға қатысты зорлық-зомбылық туралы" Қызылорда облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Алиев. "Заңгер" журналы. №7, 2021

Құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті  әрекет   жасау қылмыс. Қылмыс сөзінің өзі адамдықтан жат әрекетті айшықтап тұр, бұл қоғамның дамуына, елдің өркендеуіне кері әсерін тигізеді. Қылмыс елдің ауызбіршілігін сетінетеді. Ел арасына іріткі салады. Қауіптісі құқық тәртібін құрметтеу рухы жоғалады. Әлеуметтік әділетсіздік етек жаяды. Қылмыстар түрлі мақсатта жасалады. Кейбір адамдар пайдакүнемдік мақсатты көздеп заңнан аттаса, кейбірі тіршіліктің қамы үшін шектен шығып жатады.  Өзге адамға зәбір көрсетіп, жапа шектіру кез келген адамнан шығатын әрекет емес шығар сірә.

«О рассмотрении судами жалоб на действия и решения прокурора, органов уголовного проследования», Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев, журнал «Фемида», №9, 2020

В демократическом правовом государстве главную роль в разрешении коллизий,в том числе коллизий, возникающих между гражданином и органами государства, а также должностными лицами, призвана играть судебная власть.

«Кенесары хандығындағы сот ісі», Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев, «Заңгер» журналы, №7, 2020

«Арқада Бурабайдай жер болмайды,

Алашта Кенекемдей ер болмайды»

                    Мағжан Жұмабаев

 

Қазақ халқының тарихында үлкен мәні бар ірі көтерілістердің бірі-Мағжан ақын «жалындап өткен» деп, «Алашта ер жетпейді» деп сипаттаған қазақтың Х1Х ғасырдағы даңқты перзенті Кенесары Қасымұлы бастаған, үш жүздің бұқара халқы түгел қатысқан ұлт-азаттық көтеріліс.

«Сібір қырғыздары туралы устав», Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев, «Заң» журналы, №6, 2020

Қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат ретінде бағаланған «Сібір қырғыздары туралы Устав» Ресей патшасы Александр біріншінің 1822 жылдың 22 шілдесіндегі Жарлығымен күшіне енген.

Осы жылы Сібір Шығыс және Батыс Сібір болып екіге бөлініп, орталығы Тобыл, кейіннен Омбы қаласы болған Батыс Сібір құрамына Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді. Орта жүз қазақтары қоныстанған жерлер мен Ұлы жүз қазақтары қоныстанған кейбір жерлер Омбы облысының құрамына кіретін болды және ол жерлер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды.

«Жәңгір ханның құқықтық ұмтылыстары», Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қ.Нұрышев, «Заңгер» журналы, №6, 2020

«Атадан аса туған Жәңгір хан,

Екінші Исмаилдан алғыр хан...»

                 Байтоқ жырау

 

Х1Х ғасырдың бірінші жартысында негізі қаланған Бөкей ордасының соңғы ханы, тарихта прогрессивтік, жаңашылдық көзқарастарымен аты қалған Жәңгір Бөкейұлын бала кезімізде сұрапыл жырларымен халықты күреске үндеген дауылпаз ақын Махамбеттің «Хан емессің қасқырсың, Хас албасты басқырсың...», «Көнбегенді көндірген, Қынама бешпет кидірген, Жәңгір деген ханы бар...», т. т. өлең тіркестерінен білгеніміз өтірік емес.

Страницы