Публикации в СМИ

Русский

"Сот актілерінің орындалмағаны үшін тұлғаларды жауапкершілікке тарту тетігі" Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы Р.Шамшиев. "Заңгер" журналы. №9, 2022

Уинстон Черчилльдің "Ұлылықтың тамыры - жауаптылықта"  деген тамаша тағылымды сөзі бар. Жауаптылық болған жерде тәртіп орнайды, әділдік салтанат құрады. Жауапсыздық жақыныңды алыстатады, жұмысты ақсатады. Мұны дәлелдеу үшін алысқа барудың керегі жоқ. Сот шешімдерін орындамайтындардың, сот актілерін аяқ асты ететіндердің көпшілігі осы жауапсыз әрекеті арқылы қоғамды сыйламай отырғанын, сотқа құрмет танытпағанын көрсетеді. Ал мемлекеттік биліктің бір тармағы саналатын соттың үкімін, шешімін, қаулысын орындамаудың салдары қашан да ауыр.

"Жазасын тартпайтын жамандық болмайды" Арал аудандық сотының төрағасы К.Сәдуақасова. "Заңгер" журналы. №8, 2022

Қылмыс жасалғаннан кейін міндетті түрде қылмыстық жауаптылықтың туындайтыны, кінәлі деп танылған адамға Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі- ҚК-нің) тиiстi бабында белгiленген шектерде жаза тағайындалатыны анық. Ондағы мақсат - әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу.

Жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады.

"Тұрғын үйді сатып алу-сату шартын жарамсыз деп тану" Қызылорда қалалық сотының судьясы Н.Жаңабергенқызы. "Заңгер" журналы. №7, 2022

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 4-тарауы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 7 шілдедегі № 6 «Мәмілелер жарамсыздығының және олардың жарамсыздығының салдарларын соттардың қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы мәміле ұғымын, оның түрлері мен жарамсыздығының негіздерін ашады.

Мәміле - құқықтық институт ретінде құқықтық қатынастардың тұрақтылығында, іскерлік айналым мен экономикалық дамудың орнықтылығында көрініс табады.

"Есірткімен күрес әлем назарында" Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Алиев. "Заңгер" журналы. №7, 2022

Замана көші алға ілгерілеген сайын бұрын-соңды естіп-білмеген дүниелер көбейіп келеді. Олардың арасында адамзатқа пайдалысы да зияны да көп.

Ең қауіптісі зиянының көп болғаны. Осы зияндардың ішінде ерекше орын алатыны – есірткі мен нашақорлық.

Шығу тегі мен мерзіміне қарағанда кеше ғана өмірге келген зат емес. Бұрыннан жер бетінде басқа өсімдіктермен қатар өмір сүріп келеді. Алғашында дәрілік шөп ретінде медицинаға пайдаланған бұл өнім – уақыт өте келе жүйке жүйесіне әсер ететін затқа айналды.

"Ақшалай өндіріп алуды қолданудың ерекшеліктері" Қызылорда облыстық сотының судьясы Е.Тұрбаев. "Заңгер" журналы. №7, 2022

Өздеріңізге белгілі 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап елімізде жаңадан әкімшілік әділет жүйесі жұмыс жасай бастады.

Әлбетте жаңадан қабылданған «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» сот қызметіне тың серпін бергені сөзсіз.

Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Қазақстанның құқықтық жүйесі үшін жаңа құжат, қоғамдық қатынастарды реттеудегі жаңашылдықтарға бетбұрыс жасаған тың заңнама.

Бұған дейін еліміздің құқықтық жүйесінде мемлекеттік органдар мен азаматтардың ара –қатынасын, жалпыға бірдей тиімді және бүкпесіз мемлекеттік басқаруды реттейтін арнайы заң болған жоқ.

"Қылмыстық заңнаманы жаңғырту - заман талабы" Қызылорда қалалық №2 сотының төрағасы Б.Жаңабаев. "Заңгер" журналы. №6, 2022

Заңнамаларды ізгілендіруге бағытталған өзгерістер қоғам қажеттілігінен туындайды.  Себебі, заң елдегі құқықтық түйткілдерді шешуге пәрменді болуы тиіс. Әр уақыттың заңына қарап, сол кезеңнің құқықтық жағдайын және заман келбетін қиындықсыз аңғаруға болады, осыдан «Заманына қарай - заңы» деген сөздер қалыптасқан.

"Сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар аясында". Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы Б.Елшібеков. "Заңгер" журналы. №6, 2022 жыл

«Сақтансаң, сақтайды» дегендей, азаматтар тосыннан келетін табиғат апаттары мен жол-көлік оқиғасынан туындайтын салдарлардан өздерінің жылжитын және жылжымайтын мүліктерінен айырылу қауіптерінен сақтануды жөн көреді.

"Мал ұрлығы үшін жаза қатаң!" Сырдария аудандық сотының төрағасы Р.Алдамбергенов. "Заңгер" журналы. №3, 2022

Соңғы жылдары мал ұрлығы еселеп өсіп, негізгі күнкөрісі болып отырған малынан ажырау жоқ іздеушілерге оңай соқпады.

Ұрланған малының табылмауы, барымташылардың қолға түспеуі, мал иелерін ашындырды. Бұрындары барымташылар табылған күннің өзінде малдың, не оның өтемін қайтара алмайтын, керісінше «оңай олжаға» кеңеліп жүріп, жәбірленушімен татуласып, жазадан құтылу жағдайлары да орын алып отырды. Ал, өтемін төлеп, жазадан сытылып кету ұрыларды есіртіп жіберді.

"Қылмыстық заңнамадағы пара және алаяқтықты ажырату ерекшеліктері" Қызылорда қаласының №2 сотының судьясы Ж.Жәкеева, "Заң" журналы, №2, 2022

Қылмыстық заңнамадағы пара және алаяқтықты ажырату ерекшеліктері, яғни пара алу - мемлекеттік қызмет және басқару мүдделерінен, ал алаяқтық - меншіктен тұрады. Сондай-ақ, алаяқтық қылмыстарын жасаушы алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен мүлікке ие болуды көздейді.

"Көпке үміт сыйлаған ізгі шара" Жаңақорған аудандық сотының төрағасы Ә.Түбекбаева. "Заңгер" журналы, №2, 2022

Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялаған 30 жыл ішінде елімізде он рет рақымшылық жасау актісі қабылданған екен. Соның бірі-2021 жылдың 7 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

Рақымшылық Заңы ең алдымен әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарға:

- «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын ардагерлер мен басқа адамдар;

- қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезінде он сегіз жасқа толмаған адамдар;

Страницы