Байқоңыр қалалық соты 2014 жылдың 1 тоқсанын қорытындылады

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

         Байқоңыр қалалық сотында жергілікті «Байконур» газеті редакциясының және «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының өкілдерінің қатысуымен 2014 жылдың 1 тоқсанында сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

         Оған сот төрағасы М.Тұрғанбаев, судьялар Е.Шевцова мен Қ.Нұрпейсовалар қатысып, баспасөз құралдары өкілдерін сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстармен таныстырып өтті.

         Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, Байқоңыр қалалық сотында 2014 жылдың 1 тоқсанында  қалалық сот өндірісіне барлығы - 348  іс келіп түскен, оның ішінде 20-сы қылмыстық істерді, 235-і азаматтық істер, 93-і әкімшілік істерді құраған.

         Есептік кезеңде сот өндірісіне түскен 20 қылмыстық іс , өткен жылмен салыстырғанда 2 іске – 9,09 % азайған.

         2014 жылдың 3 айында сот өндірісіне 176 арыз бен 2 іс келіп түскен болса, өткен жылдан 5 арыз бен 52 іс қалдық есебінде кірген. Осы өндіріске түскен 176 арыз бойынша 151-не азаматтық іс қозғалса, 25-і қайтарылған, 3 арызды қабылдаудан бас тартылған, 2 арыз келесі тоқсанға қалдықта қалған.  

        2014 жылдың 1 тоқсанында қалалық сот өндірісіне 93 әкімшілік іс түсіп, оның 89 адамға қатысты 89-ісі қаралып аяқталған, 2 адамға қатысты 2 материал хаттама толтырған органға қайтарылған. Қалдық есебіне 2 іс қалған.

         Барлық азаматтық істер бойынша іске қатысушы тараптарға дауды медиация тәртібімен шешу жөнінде сот отырысында ескертіліп, ол жөнінде сот отырысының хаттамасында көрсетілген. Алайда, тараптардан дауды медиация тәртібімен шешу жөнінде ұсыныстардың түспеуіне байланысты есеп беріп отырған мерзімде медиация тәртібімен қаралған істер болмаған.

        «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының өкілінің сұрағына төраға М.Тұрғанбаев  қоғамдық пікір тудырған  істердің қаралмағанын, ол туралы істер бақылауда екенін айтып өтті.  Сонымен қатар Қызылорда облыстық ресми сайтынан барлық ақпараттарды, яғни қаралатын істердің тізімдерін, соттардағы жаңалықтарды осы жерден оқи алатыны және электрондық мекен – жайы kzl.sud.kz болып өзгергені жайлы да сөз етілді.

        «Электрондық Үкімет» порталы арқылы сотқа арызданушылар электрондық өтініш бере алатындығы жайлы айтып өткен сот төрағасы М.Тұрғанбаев «Электрондық бақылау ісін жүргізудің» жай-жапсарына да тоқтатылып өтті. Бүгінгі күні көпшілікті ақпараттандыру мақсатында электрондық бақылау өндірісі жайлы ақпараттар баспасөзде жарияланып, сот ғимаратында ол жайлы ақпараттық стендтер ілінгендігін айта келе, сотқа келуші азаматтардың осындай мүмкіндіктері бар екендігін назарға салды. 

Байқоңыр қалалық сотының баспасөз қызметі