Алғаш тағайындалған судьялар ант қабылдады

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

Үстіміздегі жылдың 28 наурызында Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында облыстық сот судьяларының қатысуымен жалпы отырыс өтті.

Жалпы отырысты облыстық соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қ.Т.Адранов ашық деп жариялады.

Онда ҚР Президентінің Жарлығымен Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Ә.Жұмабаев пен Н.Төлеш ант қабылдады.

Олар өз антында:

         – Өз мiндеттерiмдi адал және абыройлы атқаруға, сот төрелiгiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретiндегi борышым мiндеттегендей бейтарап және әдiл болуға салтанатты түрде ант етемiн,- деді.      

Төрағалық етуші мұнан соң алғаш рет тағайындалған жас судьяларды құттықтап, ҚР Ата заңын және өзге де заңдарын бұлжытпай орындауды, қара қылды қақ жаратын әділ судья болуға тілектестігін білдірді.

 

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі