Соттардың мекен-жайы өзгертілетіндігі хабарланады

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

        2014 жылдың 1-3 мамыры аралығында Қызылорда қаласының №2 соты мекен жайын өзгертіп Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29 ғимаратқа көшетіндігін, сондай-ақ, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 4 мамыр 2014 жылдан бастап бұрынғы Қызылорда қаласының №2 сотының ғимаратына, яғни Қызылорда қаласы, Тасбөгет қыстағы, Шүкіров №9 мекен жайына көшіріліп, жұмысын сол жерде жалғастыратынын хабарлаймыз.

       Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) Қызылорда қаласының қалалық соттарында мамандандыру енгізу туралы 03.03.2014 жылғы №7-3-4/1847 санды хатына сәйкес  азаматтық істерді қарауды Қызылорда қалалық сотына, қылмыстық істерді қарауды Қызылорда қаласының № 2 сотына беру көзделген болатын.

        Сондықтан алдағы уақытта Қызылорда қаласының №2 соты тек қылмыстық істерді, ал Қызылорда қалалық соты тек азаматтық істерді қарайтындығын назарларыңызға саламыз.

        

 Облыстық соттың баспасөз қызметі