Ср, 18/10/2017 - 16:13
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-тармағында қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат Ш-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Ш. өз үйінде жанжал шығарып, әйеліне балағат сөздер айтып, жанұя шырқын бұзып, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасаған. Сот талқылауы барысында, жәбірленуші мен құқық бұзушы кәсіпқой емес медиатордың араласуымен медиациялық келісімге келіп, әкімшілік істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен азамат Ш-ға қатысты әкімшілік іс, тараптардың медиация тәртібімен келісімге келулеріне байланысты өндірістен тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енбеген.
Источник:
Қармақшы аудандық сотының баспасөз қызметі