Жаңалықтар

4 баланың анасына сот арқылы банкроттық рәсімі қолданылды

30/04/2024

Қызылорда қаласының тұрғыны, 4 баланың анасы сотқа жүгініп, өзін банкрот деп тануды сұраған.

Белгілі болғандай, марқұм күйеуі банктен несие алып, оны техникалық қызмет көрсету станциясының қосымша құрылысына және қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсаған.

Дегенмен, күйеуі кенеттен қайтыс болып, несие қарыздары мұрагерлік бойынша әйеліне өткен. Қазіргі таңда әйелдің несие бойынша қарызы 8 миллион теңгеден асқан.

Біздің команда жеңімпаз атанды

29/04/2024

Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметшілер арасында «Qyzylorda Qyzmet Cup» кубогына өткізілген облыстық футбол чемпионатының жеңімпаздарын мапараттау рәсімі өтті.

Тартысты өткен чемпионаттың қорытындысы бойынша Сот Әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша Департаментінің командасы І орын иеленіп, чемпион атанды.

Сонымен қатар, ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы Ш.Аманқұлов «Үздік қақпашы» номинациясымен, бас маман-сот отырысының хатшысы Д.Махамбетов «Үздік сұрмерген» номинациясымен марапатталды.

Заңсыз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған

29/04/2024

 

Қармақшы аудандық сотымен ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. көлік құралымен жолаушы (такси қызметі) тасымалдап, салық органына тиісті тіркеусіз, хабарлама жібермей, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз тіркеусіз кәсiпкерлiк қызметпен айналысқаны анықталды.

Сотта А. өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.

Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабының 1 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 38 766) теңге айыппұл салынды.

Бұрынғы зайыбымен медиация тәртібімен татуласты

29/04/2024

Қармақшы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73

бабының 1-бөлігінде азамат Б.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық

туралы іс қаралды.

Азамат Б. алкогольдік масаң күйде өзінің бірге тұрып жатқан бұрынғы зайыбы жәбірленуші У.-ды ар-намысына тиетін сөздер айтып, мазасын алып, ұрыс-керіс шығарып, үй тыныштығын бұзатын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ әрекетті жасаған.

Сот отырысында құқық бұзушы Б. кінәсін мойындап, әрекетіне өкініп,

жәбірленушіден кешірім сұрап, медиация тәртібінде татуласуларына

Ұсақ бұзақылықты жыл көлемінде қайталап, әкімшілік қамаққа алынды

29/04/2024

 

Қармақшы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен

азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы  іс қаралды.

Азамат С. Жосалы кентінде қоғамдық орынды бүлдіріп, айналасындағыларға сыйлаумашылық білдіріп, аталған әрекетті бір жыл көлемінде қайталаған.

Сот отырысында азамат С.-ның әрекеті өзінің мойындау түсінігімен,

істегі өзге де құжаттармен толық дәлелденді.

Сот қаулысымен азамат С. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігімен

кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы

тағайындалды.

 

Жасөспірімді қағып кеткен әйелден моральдық зиян өндірілді

26/04/2024

Қызылорда қаласының тұрғыны К. есімді әйел өзінің көлігін басқарып келе жатып, бұрылу барысында жасөспірім жаяу жүргіншіні қағып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

         Орын алған оқиға салдарынан кәмелетке толмаған 10 жастағы қыз баланың денсаулығына жеңіл дәрежеде зиян келген. Осы құқық бұзушылық әрекеті үшін әйел әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен кінәлі деп танылып, оған 85 764 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынған. 

Зейнеткердің көлігі қайтарылды

26/04/2024

 

 Қала тұрғыны С. автокөлікті өзінің танысы зейнеткер Б.-дан келісім бойынша бір миллион екі жүз мың теңге көлеміндегі қаражатқа сатып алған. Алайда, көлікті сату-сатып алу мәмілесі ауызша жасалынып, тіркеуші органдармен тиісті түрде рәсімделмеген.

Кейіннен азамат С. көлік шетел азаматының атына тіркеліп тұрғандықтан, автокөлікті өзінің атына рәсімдеуіне мүмкіндігі болмай, тиісінше пайдалана алмаған.

Қызылордалық әйел емханадан 1 500 000 миллион теңге моральдық зиян өндіріп алды

25/04/2024

 

Қызылорда қаласының тұрғыны түнде сырқаттануына байланысты үйіне жедел жәрдем шақырған.

Шақыру бойынша қалалық емхананың медициналық жедел жәрдем тобы келіп, мейірбике ауырсынуды басатын «кетотоп» дәрісін әйелдің сол жақ жамбасының бұлшық етіне салған.

Жедел жәрдем тобы кеткеннен кейін, әйел орнынан тұра алмай, аяғы жансызданып қалған. Ауруы асқынып, жүре алмай қалған соң, емханаға қаралған. Дәрігерлер әйелге «иньекциядан кейінгі жүйке нейропатиясы» диагнозын қойып, емдеу шараларын жүргізу керектігін ұсынған. 

Қылмыс жазасыз қалмайды

23/04/2024

«Ұрлық түбі - қорлық» демекші, мұндай қылмысқа барудың соңы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны бесенеден белгілі. Өкінішке орай, кейбір жандар оны білсе де, осындай теріс әрекетке барып жатады.

Мәселен, Арал аудандық сотында өзгенің мүлкін тұрғын үй құрылысы нысандарына заңсыз кіру арқылы бірнеше рет жасырын жымқырып,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2),3)-тармақтарымен айыпталған М., Қ. және Ә-нің қылмыстық ісі қаралды.

Заңсыз балық аулаған

23/04/2024

Сырдария  аудандық сотында алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз балық аулаған сотталушылар А. және У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сырдария ауданының прокуроры мен күдіктілер А. және У.-ның арасында кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, осыған байланысты іс келісімдік іс жүргізу тәртібімен қаралды.

Сот отырысында сотталушылардың Сырдария ауданына қарасты «Қалғандария» каналынан заңсыз балық аулағаны анықталған.

Беттер