Архив событий

11/10/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз коференциясы өткізілді

11/10/2017

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Ибрашев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың  9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді.

Іс-шара барысында сот төрағасы статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Қызылорда қаласының № 2 сотында «Ашық есік» күні өткізілді

11/10/2017

Қызылорда қаласының №2 сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматшаны соттың судьясы Думан Алиев қабылдады.

Шара барысында Қызылорда қаласының тұрғыны Захарченко Елена Германовна, бау-бақша серіктестігіндегі жер учаскесінің өлшемі бұрынғы өлшемге сәйкес еместігін, қазіргі уақытта бұл жөнінде азаматтық іс сотта қаралуда екенін айтып, өзіне заң бойынша түсіндірме беруді сұрады.

Қабылдауда болған Е.Захарченко өзінің қойған сауалдарына толыққанды жауап  алғанына ризашылығын білдірді.    

Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» өтеді

11/10/2017

Қызылорда облыстық сотының төрағасымен бекітілген кестеге сәйкес, 13 қазан 2017 жылы сағат 16:00-18:00 аралығында Арал аудандық сотында «Ашық есік күні» шарасы  өтеді.

«Ашық есік күні» шарасына азаматтар немесе заңды тұлғаның өкілдері қатысып, сот жұмысына немесе басқа да мәселелер бойынша өз сауалдарын қоя алады.

Қосымша ақпарат алу үшін (8-724-33) 2-42-28 телефон нөміріне хабарласуға болады.

Көлік құралын басқару құқығынан 3 жылға айырылды

11/10/2017

Жалағаш аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, құқық бұзушы Ж. автокөлігін  Жалағаш кенті, Бұқарбай батыр көшесінің бойында  алкогольді масаң күйінде жүргізген.

Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608- бабының 1 -бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Қызылорда қалалық соты 2017 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарын қорытындылады

11/10/2017

Қызылорда қалалық сотында 2017 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.   

Іс-шараны қалалық соттың судьясы, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші Камшат Садуақасова ашып, сот жұмысының негізгі статистикалық көрсеткіштерімен таныстырды.

Қызылорда қалалық сотына 2017 жылдың 9 айында 15234 азаматтық іс пен талап арыз түскен, оның ішінде 7850  іс бойынша шешім шығарылған.