Қылмыстық іс көшпелі түрде қаралды
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ.Абдуллаев Жаңақорған кентіндегі «Достық үйінің» мәжіліс залында қылмыстық істі көшпелі түрде қарады.
Кәмелетке толмағандармен жасалынатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткізілген көшпелі сот отырысына БАҚ өкілдері, мұғалімдер және жергілікті халық қатысты.