"Отбасылық даулардағы балалардың құқығын қорғау". Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы Қ.Бержанов. "Заңгер" журналы. №9, 2023
Отбасы әрбір мемлекеттің тірегі, әрбір мемлекет отбасыдан құралады. Отбасы ең бірінші кезекте кәмелетке толмаған балаларының дұрыс дамуы үшін өте маңызды институт. Отбасының кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеудегі орны мен маңызы бөлек. Әкесі мен анасының махаббатына күнделікті бөленіп өсуі баланың дұрыс дамуына, қоғамға бейімделуіне, адами, ұлттық және діни құндылықтарды бойына сіңіруіне толық мүмкіндік туғызады.