Выполненная работа

Версия для печатиВерсия для печати

 

Қазақстан Республикасы  Судьялар Одағының   Қызылорда облыстық  филиалының 2022 жылы  атқарған  жұмысы

 

Қазақстан Республикасы  Судьялар  Одағының Қызылорда облыстық филиалы өз жұмысын «Қазақстан Республикасы судьялар Одағы» Республикалық  Қоғамдық бірлестігінің  филиалы  туралы  Ережесіне  сәйкес  жүргізген.

Қазақстан Республикасы Судьялар Одағы Қызылорда облыстық филалының  төрағасы  М.Еркінбеков  2022 жылдың наурыз  айында    Қызылорда  облыстық телеарнасының «Өзекжарды» бағдарламасына  қатысып  Қазақстан Республикасыны  Президентінің  жолдауы  тақырыбында  сұхбат берді.

Сонымен қатар, 24 маусым «Судья  және  сот қызметкері» күні кәсіби мерекесіне  орай, филиал төрағасы М.Еркінбеков Қызылорда  облыстық телеарнасынан арнайы  кәсіби мерекенің белгіленуі  тақырыбында  сұхбат берді.

Аталған  кәсіби мерекеге  орай, филиалдың және  Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізіліп, филиал  мүшелері  марапатталды.      

Сонымен бірге, «Судья және сот қызметкері» күні   мерекеге орай,  судьялар мен қызметкерлер  арасында филиалдың  ұйымдастыруымен волейболдан  жарыс  ұйымдастырлып,  өткізілді.  

 Спорттық шараны филиал  төрағасы  М.Еркінбеков пен Қызылорда облысы  бойынша соттар әкімшісінің  басшысы С.Сүлеймен ашып, жасалып жатырған игі шараларға тоқталып, қатысушыларға  сәттілік тілеп, спорттық шараның  басты мақсаты-тәуелсіздікті насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, сот жүйесінде достық пен өзара ықпалдастықты арттыру екенін  атап өтті.

Сондай-ақ, Судьялар Одағының Қызылорда облыстық  филиалының  ұйымдастыруымен Наурыз мерекесіне орай судьялар мен  сот  қызметкерлері  арасында (футбол, волейбол, шахмат, арқан тарту) бойынша спартакиада ұйымдастырылып, өткізілді.

Аталған  жарыс  түрлері  бойынша  жеңімпаздар  анықталып, марапатталды.

Журналистер  күні мерекесіне орай сот жұмысын белсенді  жақсы насихаттайтын  Қызылорда облысының  баспасөз  құралдары  журналистері  Судьялар  Одағының атынан  марапатталды.

Қазақстан Республикасы Конституция  күні  мемлекеттік  мерекесі қарсаңында филиалдың  және Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен  мерекелік іс-шара  өткізіліп, филиал мүшелері  марапатталды.

         Сонымен қатар, 1 қазан қарттар  күніне орай Қызылорда облысының  ардагер судьяларына  құрмет  көрсетіліп, құттықтаулар  жасалды.

Жаңа жыл мерекесіне  орай, филиалдың және  Қызылорда облыстық сотының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өткізіліп, филиал  мүшелері  марапатталды.      

 

 

        

 

Қазақстан Республикасы Судьялар

Одағының  Қызылорда облыстық филиалы