Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін айыппұл төледі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жаңақорған аудандық сотында азамат А-ға  қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының  1-бөлігімен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес азамат А. Жаңақорған кентінде орналасқан бильярд клубы ішінде кент тұрғыны азаматша Ж-ға  былапыт сөйлеп, балағаттап, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, ұсақ бұзақылық жасаған. 

Сот отырысында азамат А-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындау жауабымен қатар іс бойынша жинақталған құжаттармен өз дәлелін тапты.

Аудандық соттың қаулысымен азамат А. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 22 690 теңге әкімшілік айыппұл салу жазасы тағайындалды.                                                                                                   

Қаулы заңды күшіне енбеген.

Источник: 
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі