«Судья әдебі кодексі» талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлған ауданарлық сотының қызметкерлері арасында «Cудья әдебі кодексінің» нормаларын түсіндіру мақсатында жедел кеңес өткізілді.

Шара барысында төрағалық етуші Қ.Бержанов Кодекс ережелерін үнемі бақылауда ұстау, жұмыс тәртібін сақтау, заңға бағыну, кез келген сырттан келген ықпал етулерге жол бермеуге, сот процессіне тікелей немесе жанама араласуға қарсы тұруға, сот отырысын жүргізудің жоғарғы мәдениетін қамтамасыз етуге, судьялар және сот қызметкерлерінің сотқа келген азаматтармен жақсы қарым қатынаста болуы, сот ғимаратына азаматтардың кіріп-шығу мәселесі және Қазақстан Республикасы судьяларының VII сьезінде 2016 жылғы 21 қарашада қабылданған судья әдебінің кодексі судьялар арасында қызу талқыланып, БАҚ-пен бірлесе жұмыс атқарылып жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар 2016 жылы және 2017 жылдың осы кезеңіне дейін Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының қызметкерлерінің атына арыз, шағым түспегендігін айтты.

Шара соңында сот  қызметкерлері төрағалық етуші Қ.Бержановқа өз сұрақтарын қойып, оған толық жауап алды.                           

Источник: 
Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырлған ауданарлық сотының баспасөз қызметі