Сотта «Ашық есік күні» өткізілді
2017 жылдың 13 наурыз күні Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді.
«Ашық есік» күні келген қала тұрғынын сот төрағасы С.Сүлеймен қабылдады.
Сотқа келген Қызылорда қаласының тұрғыны А. өзін толғандырып жүрген сұрағын қойды. Ол осы соттың үкімімен сотталған баласына қатысты үкім көшірмесін, апелляциялық алқасының сот актісінің көшірмесін қалай алуға болатынын сұрады. Бұл сұраққа сот төрағасы толыққанды жауап берді.