Сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сырдария аудандық сотында «Сот ғимаратына кіру – шығу тәртібінің қатаң сақталуын және сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарын болдырмау» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, кеңсе меңгерушісі, бас маман-аға сот приставы және Қызылорда облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы семинарға қатысушыларының назарын сот ғимаратындағы рұқсатнама режимі мен қоғамдық тәртіптің сақталуы жөніндегі арнайы қағиданың талаптарына аудартты.

Сөз кезегін алған күзет қызметінің бөлім басшысы М.Ерімбетов, Қостанай облысы Амангелді ауданындағы сот процесіне қатысушының қаза табу фактісіне ерекше назар аударды. Орын алған төтенше жағдайды болдырмау үшін қажетті шаралар тізімі бекітілгендігін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілгенін атап өтті.      

Шара соңында семинарға қатысушылар пікір алмасты.

Источник: 
Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметі