Жалған жеке куәлікпен несие алып алаяқтық жасаған азамат сотталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен  қылмыстық ісі қаралды.

Іс-құжаттарына сәйкес, бұрын алаяқтық үшін сотты болған, сотталушы С. Алматы қаласына барып, А. есімді азаматқа жалған жеке куәлік жасату үшін флешкаға салынған фотосын берген.

Сотталушы бірнеше күн өткеннен кейін, аталған жерде Т. есімді азаматтың атына дайындалған жалған жеке куәлікті және барлық мәліметтер жазылған ақ қағазды алып, 20 000 теңге ақшаны сол жерде қолма қол санап берген. Сотталушы С. азамат Т.-ның атынан құқық беретін жалған ресми құжатпен Қызылорда қаласының банк филиалына барып, банк қызметкерінің  сенімін теріс пайдаланып, ірі мөлшерде яғни, 4 874 000 теңге ақша қаражатын азамат Т.-ның атына несие рәсімдеу арқылы жымқырып кетіп, өз қажеттілігіне жұмсаған.

Нәтижесінде Қызылорда облысы бойынша банк филиалына 4 874 000 теңге мүліктік зиян келген.

Сотталушы С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, түпкілікті 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға жазасы тағайындалды.

Қайнар: 
Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі