Сот азаматшаны кінәлі деп таныды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Д. есімді азаматша  Facеbook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде   «Т. есімді азаматтың 2019 жылы  пара алғанын, яғни  сыбайлас жемқорлық қылмысын  жасағандығын айтып, көрінеу жалған мәлімет таратқан.

Бұдан соң  Т.-ның арызы негізінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 73-3 бабының 3-бөлігімен (телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып, адамды сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату)  Д.-ға қатысты қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық іс  аудандық сотта қаралып,  Д.ны ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 200 айлық есептік көрсеткіш  айыппұлдың, Д.-ның бұрын әкімшілік жауаптылыққа тартылмағанын жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескеріп,  ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігіне сай, отыз пайызы қысқартылып,  428 820 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енбеген. Сот қаулысына келіспеген тарап қаулы табыс етілген күннен бастап он тәулік iшiнде  Қызылорда облыстық сотына  апелляциялық шағым беруге құқылы.

Источник: 
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі