Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда  қалалық  мамандандырылған  әкімшілік  сотының  судьясы  О.Абдукаликовпен  БАҚ өкілдерінің  қатысуымен  сот үкімін, сот шешімін немесе  өзге де сот актісін және атқарушылық құжатты  орындамау санатындағы әкімшілік құқық  бұзушылықтар  тақырыбында  брифинг өткізілді.

Статистикалық мәліметтерге сай 2016 жылдың 9 айында Қызылорда қалалық мамандандырылған  әкімшілік сотына  ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен  барлығы 183 адамға  қатысты  183 әкімшілік іс келіп түскен.   Келіп түскен әкімшілік істердің ішінде 174 әкімшілік іс бойынша 138 адамға әкімшілік айыппұл, 36 адамға әкімшілік қамаққа алу   жазалары  тағайындалған, 9 әкімшілік іс сот өндірісінен  қысқартылғанын атап көрсетті.

Сонымен қатар, аталған санаттағы  істер  бойынша БАҚ өкілдерінің сұрақтарына Қазақстан Республикасының заң нормаларына сәйкес жан-жақты  жауаптар  берілді.

Источник: 
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі