Дс, 25/09/2017 - 18:16
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Қызылорда қалалық сотына азаматша Набира Кульбаевадан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмидің атына судья Телжан Жүсіповке жолдаған алғыс хаты келіп түсті.
Алғыс хатта: Жұмыстан шығару жайлы бұйрықтың күшін жойып, бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы азаматтық ісі бойынша судья Т.Жүсіпов талап қоюшы мен жауапкердің дәлелдемелерін жан-жақты егжей-тегжейлі қарап, іс бойынша қажетті құжаттарды сотқа тапсыруына ықпал жасап, екі жақты тең ұстап, мұқият қарады. Мен Телжан Қуанышбекұлынан қазақтың қара қылды қақ жаратын баяғы билердің ұрпағының бүгінгі бейнесін көрдім», - деп ризашылығын білдірген.
Источник:
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі