Елбасы Жолдауы – ел келешегінің кепілі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған әр Жолдауы еліміздің кемелдігі мен азаматтардың игілігі үшін қызмет етіп келе жатқанына баршамызға мәлім.

         Ел Президенті өзінің өткен жолғы Стратегиялық Жолдауында: «Міне, біз 20 жыл бойы осы ұлы мерекені, Тәуелсіздік күшін мақтанышпен атап өтіп келеміз. 1991 жылы 16 желтоқсанда Біз – Қазақстан халқы егемендікті, болашақты, әлемге ашықтықты таңдадық. Бүгінгі күні осы құндылықтар біздің күнделікті өміріміздің бөлшегіне айналды» деген болатын.

         Ал, Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атауымен ұсынылып отырған жаңа бағдарламалық құжаттың да мазмұны терең, мақсаты айқын.

         Жолдау барша халыққа еңбектің, бірліктің, үдерістер көшіне ілесе білудің арқасында ғана ізгілік салтанат құрған қоғамға жете алатынымызға жол сілтеп отыр. Құжатта мемлекеттік органдардың құрылымы алдағы міндеттердің шешімімен үйлесім тауып, 2050 Стратегиясының мақсаттарын іске асыруды қамтамасыз етуі қажеттігі баса айтылған.

         Елбасының «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қол жетімді, қарапайым және барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс. Барлық құқық қорғау жүйесі жұмысының сапасын арттыру қажет. Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер мінсіз мінез-құлқымен және жоғары кәсіби деңгейімен ерекшеленуге тиіс» деген тапсырмасы, құқық қорғау саласы қызметкерлеріне зор жауапкершілік жүктейтіні сөзсіз.

         Сондықтан Президент Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыла еңбек етуді басты мақсат деп есептеген жөн.

 

Қазалы аудандық сотының төрағасы

Қайыркелді Темірбаев