Дс, 19/06/2017 - 18:00
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
2017 жылдың 22 маусымда сағат 10:00 ден 12:00 аралығында Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында кезекті «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілетіндігін хабарлаймыз.
«Ашық есік күніне» тілек білдіруші барлық қала тұрғындары қатысып, сұрақтарын қоюға мүмкіндіктері бар.
Іс-шараның өткізілу мақсаты азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру және сот төрелігінің қолжетімділігін арттыру болып табылады.
Источник:
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі