Архив событий

28/08/2017

Облыстық соттың судьясы Нұрсейтов Зейнулла Әлімжанұлы «Үш би» құрмет белгісін иеленді

28/08/2017

Конституция күні қарсаңында сот саласында ұзақ жылдар мінсіз қызмет атқарып, үлгілі еңбек жолын көрсетіп отырған облыстық соттың судьясы Нұрсейтов Зейнулла Әлімжанұлы  «Үш би» құрмет белгісін иеленді.

Қызылорда облыстық сотында Конституция күніне орай салтанатты іс-шара өтті

28/08/2017

Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев, облыстық соттың алқа төрағалары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен облыс соттарының судьялары, сот саласының ардагерлері, сот мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты жиынды аша отырып облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасы Конституциясы күні мерекесімен құттықтады.

Жаңақорған аудандық соты науқасты мәжбүрлеп емдетуге жолдады

28/08/2017

Жаңақорған аудандық соты  туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азамат П-ны  мәжбүрлі түрде емдеуге жолдау туралы «Жаңақорған аудандық орталық ауыруханасы» МҚК-ның арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, ұсыныста көрсетілгендей науқас П. ем-шарадан қашқақтап, жүргізілген түсіндірме жұмыстарын тыңдамай, тағайындалған күндізгі емдеу шараларына келмей, үнемі жасырынып жүрген.