Ср, 11/03/2015 - 08:15
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты құқық бұзышы Н.ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Яғни, құқық бұзушы Н. мас күйде зайыбының мазасын алып, ар-намысына тиетін сөздермен балағаттап, 27 ақпан 2015 жылы ішкі істер органы қойған қорғау нұсқамасын бұзған.
Соттың қаулысымен азамат Н. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 461-бабымен кінәлі деп танылып, 2 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар:
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі