Сс, 10/03/2015 - 15:22
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
2015 жылдың 6 наурызы күні Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының жігіттер қауымы 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесімен осы ұжымның нәзік жандарын құттықтады.
Соттың төрағасы А.Дәуренбеков 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтай отыра, зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеп, ізгі тілектерін білдірді.
Ісшарада судьялар мен қызметкерлер осы соттың әйелдері мен қыз-келіншектеріне ыстық тілектерін білдіріп, ал судья Н.Еламанов ән шырқап берді. Барлық қыз-келіншектерге гүлдер мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Одан кейін осы ұжымның атынан соттың ардагер судьялары О.Ким мен Б.Смағұловаға құттықтау хаттар мен сыйлықтар жолданды.
Источник:
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі