Аңшы мылтығын заңсыз сақтаған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат Г-ге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 482 бабының 1 бөлігімен  әкімшілік іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес, жоспарлық тексеру жұмыстарын жүргізу барысында, Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылының тұрғыны Г-ны тексеру кезінде еш құжатсыз аңшы мылтығын ішкі істер органдарының рұқсатынсыз, тіркеусіз заңсыз сақтағаны анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, сотқа негізінен қарауға жолданаған.

Құқық бұзушының кінәсі, іске тіркелген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, Қызылорда ІІБ-ң жедел-криминалистика бөлімі маманының қорытындысымен дәлелденіп бекітілді.

Сот құқық бұзушы Г. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танып, аңшы мылтығын тәркілей отырып, оған 20 /жиырма/ АЕК көлемінде 45380 /қырық бес мың үш жүз сексен/ теңге айыппұл салды.

Источник: 
Қызылорда қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі