Азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талапкер «А» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапкер «П» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 8 273 750 теңге өңдіру туралы талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот отырысында тараптар талап арызды медиация тәртібімен қарау жөнінде  істі қарап жатқан судьяға өтінішхатпен жүгінген.

ҚР АПК-нің 179-бабының 4-тармағына сәйкес, тараптардың өтінішхаты бойынша медиацияны іс жүргізуінде іс жатқан судья өткізуі мүмкін.

Сотта тараптар судьяның көмегімен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

ҚР АПК-нің 277-бабының 6-тармағына сәйкес, тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасса және оны сот бекітсе іс жүргізу тоқтатылады.

Сот азаматтық іс бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімін бекітіп, төленген мемлекеттік баж сомасын талапкерге қайтарып, азаматтық іс жүргізуді өндірістен қысқартты.  

Ұйғарым заңды күшіне енбеген.                             

Источник: 
Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі