Бс, 28/07/2016 - 17:55
Қызылорда қалалық №2 сотында билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты оған қатысты өмірімен денсаулығына қауіпті емес күш қолданған сотталушылар С. мен Б - ға қатысты үкім шықты.
Атап айтқанда, сотталушылар азамат С. және азамат Б. жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан Қызылорда қаласының ІІБ-ның жергілікті полиция қызметкері ЖПҚ-ның ЖППБ-нің 2-ші рота, 1 взвод экипажының жүргізушісі, полиция аға сержанты Н-ға қарсылық білдіріп, бас кимін жерге лақтырып, жағасынан ұстап, үстіндегі нысандық курткасының шенінін, нысандық шалбарын жыртқан.
Сот үкімі бойынша сотталушылар Қазақстан Республикасының ҚК – нің 380–бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 (бір) жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.