Ср, 27/07/2016 - 16:37
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік соты азамат Г-ға қатысты әкімшілік іс қарады.
Сотта, азамат Г-нің өз үйінде анасына балағат сөздер айтқаны анықталды. Осы әрекетімен азамат Г. отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық білдіретін әрекеттер жасаған.
Сот қаулысымен азамат Г. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 73-бабының 2-бөлігінде («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Источник:
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі