Қызылорда қалалық және мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты мен Қызылорда қалалық сот қызметкерлері біріге отырып «Сот кабинеті» интернет жүйесі және электрондық хат алмасу тәртібі»   тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға Қызылорда қаласында орналасқан банктер, квази мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдері  қатысты. 

Сот қызметкерлері қатысушыларға «Төрелік» ақпараттық бағдарламасының негізгі мүмкіндіктерімен таныстырып, сонымен қатар, «Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисі арқылы құжаттар беру тәртібі жайлы айтты.

Ол үшін ҚР Ұлттық куәландыру орталығының электронды цифрлі қолтаңбасын алу тәртібі және ЖСН немесе БСН арқылы Сот кабинетінде авторландыру жасау тәртібі, сот құжаттарын тапсыру мүмкіндіктері таныстырылды.

Бұл сервис арқылы сотқа талап арыз, апелляциялық, жеке шағым, кассациялық шағым, өтінішхаттар, арыздар және іске қатысты т.б. құжаттарды  электронды түрде беруге болатындығы және құжаттардың қаралуы жайлы мәліметті жұмыс орнында не үйде отырып алу мүмкіндіктерімен және осы күні қолданушылар сұраныстарының нәтижесінде енгізілген жаңалықтар барысы жан-жақты таныстырылды.

Іс-шара барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер берілді.

Источник: 
Қызылорда қалалық және Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттарының баспасөз қызметтері