Қызылорда қалалық сотында семинар сабағы өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қызылорда қалалық сотында «Талапты қамтамасыз ету шаралары және олардың күшін жою» тақырыбында семинар өтті.

ҚР Азаматтық процестік Кодекстің 15 тарауымен іске қатысатын адамдардың, төрелік талқылау тараптарының арызы бойынша сот істің қандай жағдайында болмасын, егер осындай шараларды қабылдамау соттың шешімін орындауды қиындатса немесе мүмкін етпейтіндей болса, талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдай алатындығы реттелген.
Семинарда төрелік талқылау тараптары талап қоюды қамтамасыз ету туралы арызға төрелікке талап қоюды растайтын құжатты қоса беруге тиіс екендігі, басқа да негізгі талаптар жайлы айтылды.

Істерді қарау барысында орын алып отырған талап қою шараларының күшін жоюға қатысты мәселелер талқыланды.

Сот төрағасы талапты қамтамасыз ету шараларын қабылдау және олардың күшін жоюды қарау кезінде өте мұқият болуды судьяларға қатаң тапсырды. 

Источник: 
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі