Сот төрағасы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жүсіпов Телжан Қуанышбекұлы 1988 жылғы 20 мамырда Қызылорда облысы Қызылорда қаласында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын заңтану мамандығы бойынша  бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Алматы қаласының Жетісу аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы қызметінен бастаған.

2014 жылдың қараша айынан 2018 жылдың желтоқсан айына дейін Қызылорда облысы Қызылорда қалалық сотының судьясы қызметін атқарған.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы №801 Жарлығымен Қызылорда облысы Байқоңыр қалалық сотының төрағасы  қызметіне тағайындалған.

Еңбектегі жетістіктері үшін 2016 жылы Қызылорда облыстық соты төрағасы мен Қазақстан Республикасы Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы төрағасының Алғыс хатымен, 2017 жылы Қазақстан Республикасы Судьялар одағы Орталық Кеңесінің  Алғыс хатымен, 2018 жылы Қызылорда облыстық соты төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған.