Мас күйінде көлік басқарғаны үшін 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды
10/03/2015
Қазалы аудандық сотында құқық бұзушы П.-ның ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық ісі қаралды.
Құқық бұзушы Шымкент-Самара трассасының бойында мас күйінде көлік басқарып ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылық жасаған.
Соттың қаулысымен құқық бұзушы П. аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды.
Қайнар:
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі