Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті
13/10/2017
Қызылорда қалалық сотында «Ашық есік күні» өтті. Шараға келген азаматтарды қалалық соттың төрағасы Мұхтар Еркінбеков қабылдады.
«Ашық есік күніне» «Болашақ» университетінің 2-ші курс студенттері келіп, сотта жұмыс жасау үшін қандай білім алу қажет екендігін, судья болудың тәртібі қандай екенін сұрады және басқа да сот жүйесіне қатысты сан-қилы сұрақтар қойылды.
Келушіге заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріліп, қойылған сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап берілді.
Источник:
Қызылорда қалалық сотының баспасөз қызметі