Әкімшілік жауапкершілікке тартылды
17/03/2017
Арал аудандық сотында азамат Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Н. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде, өз үйінде ағасына балағат сөздер айтып, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Сотта жәбірленуші А. құқық бұзушымен татуласпағанын, заң жүзінде оған шара көруді сұрайтынын көрсеткен.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Н. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, әкімшілік қамаққа алынды.
Источник:
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі