Сот 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады
21/10/2016
Қазалы аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта, құқық бұзушы А. көлік құралын басқару құқығы жоқ адам бола тұра, автокөлігін алкогольді масаң күйінде басқарғаны анықталды.
Сот қаулысымен азамат А. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Источник:
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі